Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet121/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

 
 


KRAK 3301 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘЛЕМДІК 
ҚАУЫМДАСТЫҚТА
 
Көлемі - 2 кредит 
Авторлары: 
Алтаев А.Ш. - тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан
тарихы кафедрасының профессоры 
Смағұлов С. - Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы 
Пікір жазғандар: 
Қожекеева Л.Т. - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жалпытарих кафедрасының 
меңгерушісі 
Ташенев М.Ж. - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта» курсы «5B020300 - 
Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат студенттері үшін базалық пән және 
«Қазіргі Қазақстан тарихы» жалпы курсының маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл бағдарламаны жасауда авторлар бірінші кезекте ҚР Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында тұжырымдалған 
стратегиялық сыртқысаяси міндеттерді, басқа да маңызды құжаттарды, 
тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, студенттік 
аудиторияның талап-тілектерін ескерді. 
Курстың бағдарламасы мазмұнының ерекшеліктері. Типтік 
бағдарламаның мазмұны мен құрылымы мамандықтың профилін ескереді, 
яғни пән поблемалары тарихи аспектіде, бірақ саясаттану, әлеуметтану 
және басқа да әлеуметтік-саяси пәндермен тығыз пәнаралық байланыста 
қарастырылады. 
Бағдарлама авторлары елдің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану 
және білім беру саласында халықаралық конвенцияға қосылуға байланысты 
оны заманауи оқу технологиясын ескере отырып жасауға тырысты.
Курсты оқып-үйрену пәнінің хронологиялық шеңбері Қазақстанның 
тәуелсіздігін алудан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.
Курстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдік 
қауымдастықтағы орны мен рөлін айқындау, үйлестірілген және көпвекторлы 
сыртқы саясатының негізгі факторлары мен бағыттарын ашып көрсету. 
Пәннің пререквизиттері келесі курстар: Жаңа заманғы Қазақстан тарихы, 
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасының тарихы, Дүние 
жүзінің тарихы.


Бұл курсты оқып-үйренуде студенттер келесі білім, икем және машықтарды 
игеру керек: тарихи принцип негізінде өткен тарихты талдай білу, тарихи және 
саяси картамен жақсы жұмыс істей білу, баяндамаларды жазумен және ауызша 
материалды дұрыс баяндаумен, өзінің тұжырымдарын дәлелді негіздеуге, 
практикалық сабақтарға дайындалу барысында ғылыми әдебиетке өзіндік және 
сыни көзқарасқа байланысты машықтарды меңгеру. 
Курстың постреквизиттері: ҚР сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар 
тарихы, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану. 
Типтік бағдарлама бөлімдерінің материалдары студенттерге Қазақстан 
Республикасы сыртқы саясатының тарихын, республиканың әлемдік 
қауымдастықтағы рөлі мен орнын терең және тұтас ұғынуға, берілген жағдайды 
талдау кезінде пән бойынша игерген білімді қолдануға, сабақтас пәндерді оқып-
үйренуге, ұлттық басымдылықтарға, уақыт талаптары мен шындықтарына 
сәйкес үйлесімді тарихи сана мен дүниетанымдық принциптердің қалыптасуына 
мүмкіндік береді.
Курстың теориялық-әдістемелік негізін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
еңбектері, Қ.К.Тоқаевтың, С.И.Абдулпаттаевтың қазақстандық дипломатияның 
тарихы бойынша еңбектері құрайды.

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling