Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Қазақстан бұрынғы КСРО республикалармен тату көршілік


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet124/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

Қазақстан бұрынғы КСРО республикалармен тату көршілік 
қатынастар орнатуы
Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрудағы алатын орны. 
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы. Алматы Декларациясының 
мазмұны мен маңызы. ТМД-ның интеграциялық процестеріне Қазақстанның 
қатысуы. ТМД елдері арасындағы халықаралық қатынастарды реттейтін келісім-
шарттарға тарихи сипаттама және ТМД аясында ҚР-ның саяси және әлеуметтік-
экономикалық салаларды интеграциялау іс-шаралары. 
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы 
алатын орны мен рөлі. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және әскери 
қарым-қатынастар. Байқоңыр ғарыш айлағы жөніндегі келісім-шарт. Екі ел 
арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар. Қазақстан 
сыртқы саясатының ресейлік бағытының қалыптасуына себеп болған геосаяси, 
тарихи, экономикалық және мәдени факторлардың өзара байланысы. Ол 
қатынастардың көп қырлылығы және жан-жақтылығы. 
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты 
ынтымақтастық. Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы. 
Қазақстанның ортаазиялық мемлекеттермен экономикалық, саяси және мәдени 
байланыстары. Қазақстан республикасының Орталық Азия аймағына қатысты 
сыртқы саясатының қалыптасуының тарихи алғы-шарттары мен жағдайлары. 
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен 
қарым-қатынастары. Қазақстан және Закавказье республикалары: Әзербайжан, 
Грузия, Армения. Қазақстанның Украина және Беларусьпен саяси


экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастары, ондағы кездесіп 
отырған қиыншылықтар мен ерекшеліктер, олардың барысы мен нәтижелері.
Халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде ҚР сыртқы 
саясатының негізі бағыттары 
Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты. Қазақстанның Қытай, 
Малайзия, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қарым-қатынастары. 
Қазақстанның Оңтүстік Азия (Үндістан, Пакистан) мемлекеттерімен 
ынтымақтастығының қалыптасуы, дамуы және келешегі. Қазақстан 
Республикасының Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясы (АСЕАН) 
елдеріне қатысты саяси және экономикалық саясаты.
Қазақстан және АҚШ. Қазақстан Республикасымен АҚШ-тың өзара қарым-
қатынасындағы жаңа бағыт. АҚШ–пен саяси-экономикалық ынтымақтастық 
және оның тарихы, екі ел ынтымақтастығының қазіргі кездегі жағдайы және 
болашағы. 
Қазақстан сыртқы саясатының Европалық бағыты. ҚР Европа бағытындағы 
сыртқы саясатының негізгі принциптері. Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты 
дамыту. Қазақстанның Англия, Франция, Германия, Италия және т.б. Европа 
елдерімен саяси және экономикалық қатынастары. Қазақстан Республикасының 
Еуропалық Одақтың жетекші елдеріне қатысты сыртқысаяси және 
экономикалық саясатының маңызды бағыттары, соның ішінде, әсіресе, 
қазақстандық экспортта маңызды орын алатын Еуропаның іргелі елдерімен 
қарым-қатынастары. 
Қазақстан және мұсылман әлемі. Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен 
қатынастары. Қазақстан Республикасының Орта Шығыс елдерімен 
ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасының мұсылман дүниесі елдерімен 
өзара қарым-қатынастары. Қазақстанның Шығыстың мұсылман елдерімен 
қатынасының белсенділігінің артуы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арналған Жолдауларында ислам елдерімен ынтымақтастықты 
дамытудың алатын орны.
Қазақстанның Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастары. Бразилия 
және Аргентинамен дипломатиялық, саяси және экономикалық қарым-
қатынастар. Куба, Чили және т.б. Латын Америкасы мемлекеттерімен саяси және 
экономикалық байланыстар. Қазақстанның Латын Америкасы елдеріне қатысты 
сыртқы саясатының маңызды салалары мен негізгі бағыттары. Осы аймақтағы 
мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қатынастар және олардың 
болашағы. 

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling