Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Download 2.18 Mb. Pdf ko'rish
|
бакалавриат История
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні гуманитарлық ғылымдар жүйесінің негізі болып табылады және Ресей империясы құрамына интеграциялау үдерісіндегі ХVIII-XX ғасырдың басында өткен қазақтың көшпелі қоғамындағы саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзгерістерді қамтиды. Ұсынылып отырған бағдарлама құрылымы Қазақстанның жаңа заман тарихындағы тарихи оқиғаларды үйренуде жүйелі тәсілді бейнелейді және студенттерге тарихи оқиғаларды көршілес аймақ халықтарының, атап айтқанда, қалмақ, башқұрт, түркмен, қырғыз және басқалардың тарихымен өзара әрекетте және өзара байланыста тұтас қабылдауды қалыптастыруға және тарихи үдерістер мен құбылыстардың көп жақтылығы мен қарама-қайшылықтарын түсінуге ықпал етеді. Бағдарлама құрылымы «5В020300 – Тарих» мамандығы бойынша студенттерді кәсіби дайындаудың іргелі сипатын көрсетеді және алдында өткен «Қазақстанның ежелгі дүние тарихы», «Қазақстанның орта ғасырлар тарихы», «Түркі халқтарының тарихы», «Орта ғасырлар тарихы» пәндерімен және этнология, мәдениеттену, дінтану, әлеуметтану сияқты аралас гуманитарлық ғылымдармен байланысын көрсетеді. «Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнін үйрену үдерісінде студенттер ХVIII-XX ғасыр басына дейінгі аралықта қазақ халқы тарихының түйінді мәселелері бойынша жүйелі білім алуға, империялық кезеңдегі Қазақстан тарихын оқып үйренуде заманауи әдістемелік тәсілдерді түсінуге, осы кезең бойынша негізгі тарихи деректер мен әдебиеттерді біледі. Пәнді үйрену үдерісі кәсіби құзырлықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған: - Қазақстанда жаңа заман тарихының экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени үдерістердің тарихы туралы негізгі теориялар және ғылыми тұжырымдар жөніндегі білім; - қарастырылап отырған кезеңнің үдерістерін үйренуде тарихи зерттеу әдістерін, категориялық-түсініктеме аппаратын қолдану біліктілігі; - жаңа заман тарихи оқиғаларының көп жақтылығын түсіну үшін пәнаралық байланыс әлеуетін және білімін қолдану; - дүние жүзілік тарихи үдеріспен байланыста тарихи фактілерді салыстыру және талдау; - қазіргі заманғы ғылыми тарихи әдебиетке бағыт ұстау, жаңа әдістемелік тәсілдердің қағидаттары мен бағыттарын сипаттау. Download 2.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling