Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Download 2.18 Mb. Pdf ko'rish
|
бакалавриат История
- Bu sahifa navigatsiya:
- ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ Тақырыптар атауы 1 Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі: тарихи деректер және мәселенің тарихнамасы 2 XVIII – XIX ғғ. Қазақ даласы көрші аймақтармен өзара қарым-қатынас жүйесінде 3 Ресей империясының Қазақ даласындағы саясаты: территориялық- әкімшілік басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы. 4 XIX ғ. екінші жартысындағы Ресей империясының қазақ даласындағы әкімшілік реформалары. 5 Бөкей хандығы: құрылу ерекшеліктері мен билік жүйесі. 6 Ресей империясы әкімшілік саясатының ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпалы. 7 Ресей империясының Қазақ даласындағы діни саясаты. 8 Империяның сауда саясаты: протекционизм, айырбас аулалары. 9 Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы: себептері, сипаты, кезеңдері. 10 Қазақстандағы жер мәселесі: жерді қолдану жүйесі, аграрлық реформалардың салдарлары. 11 Қоныстандыру қозғалысы және оның кезеңдері. 12 Капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі: ХІХ ғ.аяғы- ХХ ғ. Басы. 13 Ресей империясының құрамына интеграциялану үдерісінде қазақ халқы мәдениетінің даму ерекшеліктері 14 Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызыметі (XIХ –ХХ ғ. басы.) 15 XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанда ғылымның және ғылыми мекемелердің дамуы. 16 XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық идеологияның дамуы. 17 Қазақ даласының аймақтарындағы жадиттік идеология: әлеуметтік ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Бұл пәннің мақсаты тарихи үдерістерді, XVIII – ХХ ғасырлар аралығындағы оқиғаларды тарих ғылымындағы қазіргі замандағы әдістемелік тұрғы контексінде көрші елдер халықтарының тарихымен өзара байланыста және өзара әрекетте ашып көрсету болып табылады. Бұл пәнді үйрену объектісі қазақ көшпелі қоғамының Ресей империясының жүйесіне, жаңа тарихи шындыққа олардың интеграциялану үдерісінде болған саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзгерістерге ыңғайлануы болып табылады. Қазақ даласындағы империялық тәжірибені зерттеу әдістері Ресей империясының аймақтарында да (Кавказ, Украина, Сібір, Финляндия, Орта Азия және т.б.), империя саястатының тарихын (Ресейлік, Британдық, Османдық, Австро-Венгрлік және т.б.) салыстырмалы түрде жүргізіледі. Бұл студенттерге өз елінің тарихын дүние жүзілік масштабтағы орнын сезінуге, «Қазақстанның жаңа заман тарихының» гуманитарлық пәндер жүйесіндегі рөлі мен орнын білуге мүмкіндік береді. Аталмыш пәннің міндеттері мынандай болып табылады: - ХVIII-XX ғғ. басындағы қазақ халқы тарихының негізгі мәселелері бойынша жүйелі білім алу; - теориялық-әдістемелік тәсілдер, тұжырымдар мен олардың эволюциясын Қазақстанның жаңа заман тарихын үйренуде түсіну; - Қазақстанның жаңа заман тарихының негізгі деректері туралы білім алу; - проблемалық дәрістер әдістерін қолдану арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыру; - ұлттық тарихты құрметтеуді дамыту және Қазақстанның дамуының тарихи кезеңдерінің тұтас сипаттамасын қалыптастыру. Қазақстанның жаңа заманғы тарихының кезеңдері: Ресей империясының құрамындағы Қазақстан тарихын оқып үйренуде теориялық-әдістемелік тәсілдер эволюциясын және пікір-талас тудыратын мәселелер бойынша талдай отырып, тарихи деректер арқылы Қазақстанның жаңа заман тарихының негізгі проблемаларын түсіндіру. Сонымен бірге, «Жаңа империялық тарих» ұғымын жан-жақты ашып көрсету. Download 2.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling