Қазақстан республикасы ұлттық Ғылым академиясының
The specific of activities of Maslihat's in deciding problems of complex social development of territories in the light of
Download 1.99 Mb. Pdf ko'rish
|
obsh (5)
- Bu sahifa navigatsiya:
- «ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ КОМИССАРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ»
The specific of activities of Maslihat's in deciding problems of complex social development of territories in the light of
Stratase "Kazakhstan»2050" Summary The aim of the article is the definition, the role and the meaning of Maslihat as local representative agencies. In solving the questions and problems of complex and social development of the territories. The views and the result of investigation are Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан 18 analyzed of the history of building and development of the local government system in Kazakhstan, analyzing of its modern conditions and place and meaning of Malishat as central section of central government in complex development of the territory. The author investigated the constitutional legislation of Maslihat and made concrete offers of its improvement, in the article, the working experience of Maslihat and its deputies in decisions in such social problems as raising of pensions, building of roads and problems of under ages was shown. The ideals of the author can be used in law making process, in practicing activity of Malishat's, in development of all parts of local government system and in the process of education on juridical faculties. Keywords: Local self government, local representative agencies, complex social development of territory, social state, deputies of maslihats, problems of local meanings. . ƏОЖ 573.75 У.А. АХАТОВ Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры м.а., заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы «ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ КОМИССАРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ» Орталық Азия аумағында Кеңестік үлгідегі республикалардың өмірге келуі кездейсоқтық емес. Оның астарында көптеген мəн жайлар жатқаны сөзсіз. Осы Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан əрмен қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің ролі ерекше болды. Түркістан Республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан Республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мəлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, 1918-1920 жж. аралығын қамтиды. Бұл уақыт аралығы қалыптасу кезеңі немесе Түркістан Республикасының алғашқы конституциясының əрекет ету аралығындағы комиссариат қызметі. Бұл аралықта Халық Комиссарлар Кеңесінің атауы Комиссарлар Кеңесі деп аталды. Себебі сол кезеңде РСФСР үкіметі де Халық Комиссарлар Кеңесі деп аталатын. Сондықтан да ол Комиссарлар Кеңесі, ал халық комиссарлары комиссарлар деп аталды. Комиссарлар Кеңесі Конституцияға сəйкес Түркістан Республикасында жалпы істерді басқарды жəне өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар, өкімдер мен нұсқаулықтар шығаруға құқылы болды. Жəне де республиканың қалыпты жəне қауіпсіз өмір сүруі үшін қажетті басқа да шараларды жүзеге асырды [1]. Комиссарлар Кеңесі көптеген мүшелерден тұрды жəне олардың əрқайсысы республиканың маңызды деп саналатын салаларын басқарды. Комиссарлар Кеңесі мен комиссарларды Түркістан ОАК қалыптастырды. Конституцияның 12 бабына сəйкес республикада атқару билік жүйесін 15 комиссариат құрды. Олар: Сыртқы істер; Əскери істер; Ішкі істер; Əділет; Еңбек жəне əлеуметтік қамсыздандыру; Оқу-ағарту; Почта жəне телеграф; Қаржы істері бойынша; Көлік байланысы; Жер шаруашылығы; Тамақтандыру; Мемлекеттік бақылау; Ұлт мəселесі бойынша; Денсаулық сақтау; Орталық халық шаруашылығы кеңесі. Əрбір комиссариат келесідей негізгі бөлімдерден тұрды: 1) Комиссариат алқасы; 2) Бөлімдер; 3) Бөлімдер алқасы; 4) Халық комиссариатының кеңсесі; 5) Комиссарлар [2]. Комиссариат жанынан комиссар төрағалық ететін алқалар құрылды, олардың мүшелерін Комиссарлар Кеңесі бекітіп отырды. Алқаның шын мəніндегі құқықтық мəртебесі тек формальды сипатқа ие болды. Комиссар өзінің тиісті комиссариатының құзіретіне жататын барлық мəселелер бойынша жеке дара шешім қабылдауға құқылы болды. Комиссар əрбір жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде алқаға мəлімет беріп отырды. Міне осы тұста ғана алқа немесе оның мүшелері комиссардың шешімімен келіспеген жағдайда Комиссарлар Кеңесі немесе Түркістан ОАК Президиумына аталған шешімнің күшін тоқтатпай шағымдану мүмкіндігіне ие болды. №5. 2013 19 Комиссарлар мен комиссариат жанындағы алқалар толығымен Комиссарлар Кеңесі мен Түркістан ОАК-ті алдында жауапты болды. Ал Комиссарлар Кеңесі өз кезегінде Түркістан Кеңестерінің съезі мен Түркістан ОАК алдында жауапты болды. Комиссарлар Кеңесі өздерінің қабылдаған барлық шешімдері мен атқарған жұмыстары жайлы Түркістан ОАК хабарлап отырды. Түркістан ОАК Комиссарлар Кеңесінің кез-келген қаулылары мен шешімдерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы болды. Комиссарлар Кеңесі өздерінің қарауына жататын жалпы саяси маңызы бар қаулылар мен шешімдерді Түркістан ОАК мақұлдауына жіберіп отырды. Түркістан республикасының атқарушы билік органы – Халық Комиссариатының екінші даму кезеңі 1920-1924 жж. аралығын қамтыды. Бұл уақыт аралығы Халық Комиссариатының даму тенденциясын көрсетті. Жəне де республиканың екінші конституциясының қабылдануы мен Түркістан Республикасының таратылу аралығын қамтыды. 1920 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануымен Халық Комиссариатының құрылымдық жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. Халық Комиссариаты ендігі жерде Халық Комиссариатының Кеңесі деп аталып, комиссариаттар саны мен құрылымдары өзгеріске ұшырады. Ендігі кезеңде, Халық Комиссариатының Кеңесі келесі комиссариаттардан тұрды. Олар: Ішкі істер; Əділет; Еңбек; Əлеуметтік қамсыздандыру; Оқу-ағарту; Почта жəне телеграф; Қаржы; Көлік байланысы; Жер шаруашылығы; Тамақтандыру; Жұмысшы-шаруа инспекциясы; Орталық статистикалық басқарма; Денсаулық сақтау; Орталық халық шаруашылығының кеңесі [3]. Конституция бойынша Халық Комиссариаты Кеңесінің құрамында Үлкен жəне Кіші Халық Комиссариатының Кеңесі жұмыс жасады. Үлкен Халық Комиссариатының Кеңесі қоғамның жалпы саяси жəне экономикалық өмірін қамтитын декреттердің жобалары мен қаулыларды талқылады, бекітті немесе қажет болған жағдайда оны Түркістан ОАК бекітуге жіберіп отырды. Сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің қызмет ету тəжірибесіне; республиканы басқаруға қатысты жалпы сұрақтарды қамтитын қаулылардың жобаларын; əртүрлі ведомостволардың штаттық кестесін қамтитын қаулылар жобаларын жəне т.б. əкімшілік құрылымға қатысты қаулылар жобаларын қарастыруға құқылы болды. Ал Кіші Халық Комиссариатының Кеңесі тиісінше Халық Комиссариатының Кеңесінде қаралатын сұрақтарды алдын ала қарауға; республикада ведомоствалық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларды қарастыру жəне бекіту; əрбір комиссариаттың алдына қойылған міндеттер мен атқарылған жұмыстар жөнінде жүйелі түрде есептерін тыңдау жəне т.б. ағымдағы мəселелерді қарастыру мақсатында құрылған болатын [4]. Қорыта келгенде, Түркістан Республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссариаттарының Кеңесі өлкеде кеңес өкіметінің орнап, өлкені қамтыған азаматтық соғыс жылдары өзінің кəсіби атқарушы билік тармағының өкілі екенін көрсете білді. ƏДЕБИЕТ 1 Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая VI-м Туркестанским съездом Советов от 15 октября 1918 года. – Ташкент, 1918. – 8 стр. 2 ЦГА Республики Узбекистан. Ф.17; Оп., 1, д.18. л.14. 3 Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая IX-м Туркестанским съездом Советов от 24 сентября 1920 года. – Ташкент, 1920. – 10 стр. 4 ЦГА Республики Узбекистан. Ф.17; Оп., 1, д.496. л.38. Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан 20 Download 1.99 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling