Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі біліктілік-арттырудың-Ұлттық-орталығЫ«Өрлеу»-АҚ


Download 59.36 Kb.
bet10/11
Sana17.06.2023
Hajmi59.36 Kb.
#1536242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Bog'liq
user file 5e47b9fbb8755

Қорытынды
Қорыта  келгенде  жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарламадағы мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талаптарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс-әрекет барысында қолдануымыз қажет.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды, ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады. әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі.
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.


Download 59.36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling