Кездейсоқ шамалар, олардың сандық сипаттамалары
Жоспар:
1. Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім зандары.
2. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
3.Үзіліссіз кездейсоқ шамалар. Үлестірім функциясы. Үлестірім тығыздығы.
4. Үзіліссіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Анықтама. Тәжирібенің нәтижесінде әртүрлі мән қабылдай алатын шаманы кездейсоқ шама деп атайды.
Кездейсок шамалар x,y,арқылы белгіленеді де оның мәндерін x1,x2,…,xn; y1,y2…yn арқылы белгілейді. Кездейсоқ шамалардың қабылдайтын мәндеріне қарап,оларды екі топқа бөледі:
Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар (дискретті-үзікті)
x кездейсоқ шамасының қабылдайтын мәндері ақырлы бүтін сандар немесе тізбек түрінде жазылса, онда ондай кездейсоқ шаманы дискретті деп атайды(үзікті шама).
Егер x кездейсоқ шамасы шекті немесе шексіз интервалдың барлық мәндерін қабылдайтын болса, оны үздіксіз кездейсоқ шама деп атайды.
Тәжірибе нәтижесінде кездейсоқ Х шамасы мәндерінің бірін қабылдап, яғни қос –қостан үйлесімсіз оқиғалардың толық тобын жасайтын оқиғаларының бірі пайда болсын. Бірақ бұл жеткіліксіз. Өйткені мәнін қандай ықтималдықпен қабылдайтынын да білу қажет. Бұл оқиғалардың ықтималдықтарын сәйкес арқылы белгілейміз, яғни оқиғалардың толық тобын жасағандықтан,
Do'stlaringiz bilan baham: |