БӨЖ-2. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Педагогикалық технологияларға алғаш анықтама берген ғалымдардың біріорыс ғалымы В.П. Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В.М. Монахов, М.В. Кларин, П.И. Третьяков, И.С. Сенновский, Г.А. Монахова, М.А. Чошанов, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. В.П. Беспалько «Педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады».
М.В. Кларин «Педагогикалық технология бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалы құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген анықтама ұсынды.
М.А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі». Ал В.М. Монахов «Педагогикалық технологиялар – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» деп көрсеткен.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.
Оқыту технологиялары:
🚩Ынтымақтастық технологиясы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі
🚩Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амонашвили). Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
🚩Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова). Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.
🚩Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
🚩Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скинер, Н. Краудер, В.П. Беспалько). Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланы жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
🚩Оқытудың ақпараттық технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.
🚩Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы (Л. Джинна Стил, С. Куртик Мредит, Чарльз Тэмпл). Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
🚩Өздігінен даму технологиясы (М. Монтессори). Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады.
🚩Дамыта оқыту технологиясы (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Дывыдов). Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни, бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту.
🚩Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтенді мақсатқа жету. Ойындық ісәрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
⚠️Сонымен оқу-тәрбие үрдісін технология – оқушының саналық қабілеттерін, шығармашылық әлеуеттерін дамытуға, негізгі мығым білімді меңгеруге әсерін тигізеді. Оқу әрекетінде білім технологияларын қолдану педагогтар мен оқушының өнімді теориялық ойлау қабілеттерін қалыптастырып қана қоймай, тәрбие қызметін жүзеге асыруды көздейді.
Do'stlaringiz bilan baham: |