Ч а с т ь I v молодой ученый


 Мазасыздық, ұйқысыздық ауырлығының және өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық және


Download 3.2 Mb.
Pdf ko'rish
bet89/94
Sana13.10.2023
Hajmi3.2 Mb.
#1701389
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Bog'liq
moluch 422 ch4

 4. Мазасыздық, ұйқысыздық ауырлығының және өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық және 
кәсіби көрсеткіштерге байланысын зерттеу
Әлеуметтік-демографиялық және 
кәсіби көрсеткіштер 
Мазасыздық ауырлығы 
Ұйқысыздық ауырлығы 
Өмір сүру сапасы 
Жынысы 
0,17 
-0,09 
0,02 
Жас тобы/ возрастная группа 
0,04 
0,02 
0,64 
Отбасылық жағдайы 
-0,15 
-0,51 
0,01 
Еңбек өтілі 
0,11 
0,05 
0,11 
Мамандығы 
-0,55 
0,02 
-0,76 
Ауысымнан кейін карантинге
оқшаулау 
0,009 
0,01 
-0,35 
Жалпы емдеу мекемелеріндегі жұмыс 
0,18 
-0,14 
0,003 
Провизорлық стационардағы жұмыс 
-0,05 
0,37 
0,02 


268
«Молодой учёный» . № 27 (422)  . Июль 2022 г.
268
Молодой ученый Қазақстан
COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкер-
лерінің психикалық денсаулығына байланысты әлеумет-
тік-демографиялық және кәсіби ауыспалылармен байла-
нысын анықтау барысында: мазасыздықтың бұзылуына 
қатысты респонденттердің жасы жоғары (p=0,04) және 
ауысымнан кейін карантинге алынғандар едәуір жоғары 
мазасыздық (p= 0,009) болды. Ұйқысыздық бұзылы-
стары жас тобына (р=0,02), жұмыс өтіліне (р=0,05), ма-
мандыққа (р=0,02) және ауысымнан кейін карантинге 
алынғандарға (р=0,01) байланысты айтарлықтай өзгерді. 
Өмірдің кәсіби сапасы жынысқа (р=0,02), отбасылық 
жағдайына байланысты айтарлықтай өзгерді (р=0,01), 
балалар саны (р=0,019), жасы (р=0,008) және COVID 
бөлімшелерінде (р=0,023) қызметке байланысты өзге-
реді. Ұйқысыздықтың ауыр бұзылуынан зардап шегетін 
дәрігерлерде кәсіби өмір сапасы статистикалық түрде өз-
герді (р=0,038).
Қорытынды: COVID-19 пандемиясы кезінде дәрігерлер 
мен орта/кіші буын қызметкерлермен салыстырмалы 
түрде зерттеу нәтижесі бойынша мейірбикелерде дәрігер-
лерге қарағанда ұйқысыздық орташа деңгейі жоғары, про-
визорлық стационарда, тікелей аурумен жанасатын қыз-
меткерлерде ұйқысыздық орташа/ауыр деңгейі жоғары 
болды. Мазасыздықтың бұзылуы жасы жоғары және ауы-
сымнан кейін карантинге оқшаулауға алынған қызмет-
керлерде жоғары екені анықталды. Өмірдің сапасы отба-
сылық жағдайына байланысты, балалар санына, жасына 
және провизорлық стационардағы қызметке байланысты 
өзгереді. Денсаулық сақтау органдары медициналық қы-
зметкерлер арасында психологиялық ерекшеліктерін 
анықтау мақсатында тұрақты скринингті ұйымдастырып, 
уақтылы қаржылық қолдау көрсету арқылы, алдын-алу 
шараларын жасауы керек, психологиялық кеңес берудің 
онлайн-сервисін ұйымдастыру қажет.
Әдебиет:
1. World Health Organization Coronavirus disease 2019 (COVID-19) Situation Report–82. Kroenke K. Enhancing the 
clinical utility of depression screening. CMAJ 2012; 184 (3): 281–2.
2. Wang C, Horby PW, Hayden FG. A novel coronavirus outbreak of global health concern. Lancet 2020; 395: 470–3.



Download 3.2 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling