Дениет негіздері


Download 1.52 Mb.
Pdf ko'rish
bet47/70
Sana08.06.2023
Hajmi1.52 Mb.
#1465722
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Bog'liq
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы


Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа 
ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде 
тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен 
бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық 
мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын 
құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін 
қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді, 
бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын 
барынша азайтуға әкеледі. 
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз 
беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас 
Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты 
серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада 
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне 
негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының 
облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, 
«Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан 
студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара 
іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5].
Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, 
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын 
ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы 
ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға 
бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес 
және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар 
құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді 
тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар 
мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық 
көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің 
азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл 
тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік 
деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Тірек сөздер: 
жоғары оқу орындары, білім беру процесі, студент 
жастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен сенім
студент жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу 
жүйесі. 
77


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ

Download 1.52 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling