Дәріс 10-11 Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика
Download 21.31 Kb.
|
Дәріс 11
Компьютерлік графика негіздері. Ақпараттың көп бөлігін адамдар көру мүшелерімен қабылдайды. Сондықтанда графикалық ақпаратты өндеу (синтез, талдау және бейнелерді өндеу) ғылыми зерттеулердің, инженерлік және дизайнерлік шешімдердің, ақпараттық және программалық құралдардың — қарапайым редакторлардан күрделі программалық кешеңдерге дейін (мысалы, Corel Draw және Adobe Photoshop) — көлемді бөлігін құрайды.
Дегенмен, куатты графикалық өнімдердің кең функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу осы жуйеге деген оп-оңай тәуелділікке және уақытты тиімсіз жұмсауға әкелуі мүмкін. Графикалық материалды пайдалану міндетін қойып, мысалы есеп беруде немесе тұсаукесер жүргізуде, белгілі және қарапайым тәсілмен оны шешудің қысқа жолдарын табу керек. Бұл ерекше маңызды, өйткені күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, бірегей иллюстрацияны дайындау процесі, аяғында, жалпы жұмыстың көп бөлігін бірақ алады. Компьютерлерде пайдаланылатын барлық бейнелердің мол санын үш топқа бөлуге болады: 2B-графикасы (мұнда тегіс бейнелер жасалады), 3D-графикасы (үш өлшемді бейне) және анимациялық графика. Бейнелер көбінесе арнайы құралдарды — графикалық редакторларды пайдаланумен, графикалық пішімдердің файлдарында сақталады. Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі, яғни өлшемі, шешу қабілеттілігі, сығымдау дәрежесі, әдісі және т.б. болады, сонымен бірге әр графикалық редактор үшін ерекше ақпараты (мысалы, Corel Draw— қисық түзілімдер туралы, Photoshop - қабаттар, арналар және т.б. туралы ақпараттар) сақталады. Әр графикалық редактор тасуышқа жазғанда бұл ақпаратты белгілі жолмен кодтайды. Графикалық файл пішімі деп бейнелеу туралы ақпараттың жиынтығы және оны файлға жазу әдісі түсініледі. Жалпы алғанда, барлық графикалық пішімдерді екі топқа бөлуге болады: жалпы міндетті пішімдер, онда тек бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге арналған бейнелер (gif, tiff, jpeg және басқалар) болады, және бейнелерді редакциялаудың аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер. Графикалық файлдар өлшемі үлкен болғандықтан, оларды әдетте сығымдайды (буады). Қазіргі кезде сығымдаудың екі әдісі: (сапаны жоғалтумен және сапаны жоғалтпай сығу). Сапаны жоғалтпай сығу алгоритмдері архиватор алгоритмдеріне (аrі, рkzір) ұқсас және gif және tiff пішімдерінде пайдаланылады. Сапаны жоғалтумен сығу алгоритмдері адам қабылдай алмайтын ақпаратты ысырып тастайды (jpeg, pcd), бірақ сығудың едәуір жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Іскерлік саласында графикаға кажеттілігін негізгі үш бағытпен шектеуге болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсынудың әсерлі түрі), мультимедиа-презентациялардағы графика (фон, қыстырма, динамикалық графикалық объектілер) және программалардағы графика (пиктограммалар, қыстырмалар және т.б.). Осы міңдеттерді шешуге арналған көптеген графикалық объектілсрден бірнеше негізгі түрін бөліп алып, оларды дайындаудың кең тараған және күрделі емес құралдарын қарастырайық. Практикалық мәселелердің көпшілігі үшін мамандандырылған программалар кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені: күрделі өнімдермен жұмыс істеу әдетте оларды игеру бойынша едәуір күш-жігер жұмсауды қажет етеді. Бұл өнімдердің тез дамуы және өзгеруі оның күрделі мүмкіндіктерін пайдалану тек оны тұрақты пайдаланатын маман тиімді пайдалана алады; куатты дестелер (мысалы, Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір бөлігін пайдаланады. Оларды тек графикалық жұмыс станцияларында ғана тиімді пайдалануға болады; әдетте мұндай дестелер көптеген қосымша программалармен қоршалған, олар өзінше «тұйықталған әлем» құрады, оған кез келген пайдаланушы қатынас құра алмайды; Download 21.31 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling