Дәріс 10-11 Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика


Құралдық (инструменталдық) жабдықтар -


Download 21.31 Kb.
bet4/5
Sana25.02.2023
Hajmi21.31 Kb.
#1231352
TuriПрограмма
1   2   3   4   5
Bog'liq
Дәріс 11

Құралдық (инструменталдық) жабдықтар - басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын программалар мен программалық кешендер.
Дербес компьютерде кең тараған құралдық жабдықтарға BASIC, PASCAL,C және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы кездерде әмбебап программалау жүйелері жасалған болатын. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір есептер тобын шығаруға өте қолайлы. Оның үстіне, әртүрлі ЭЕМ-дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.
Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа текстін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы текст редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа — компилятор (транслятор) көмегімен өз текстін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.
Бүгінгі күн талабына сәйкес келетін программалық жүйелерді пайдалансақ, мұндай күрделі жұмыстар атқарудың ешбір қажеті жоқ сияқты. Қазір біріктірілген бір-ақ программалық десте осы аталған операцияларды түгел қамтиды. Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей денгейде болады деген сөз.
Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы қүрастырған қүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осындай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

Программалардың коммерциялық статусы
  1. Тегін программалық жабдықтар (freeware);


  2. Шартты- тегін программалық жабдықтар (shareware);


  3. Жарнамалы-төленетін программалар (adware);


  4. Коммерциялы программалық жабдықтар (commercialware);


  5. OEM –нұсқа.


  6. Шартты-төленетін программалық жабдықтар (donation ware); ( Изделие пожертвования);


  7. «Открытка» нұсқасы (cardware);






Download 21.31 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling