Дәріс 10-11 Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика


Download 21.31 Kb.
bet2/5
Sana25.02.2023
Hajmi21.31 Kb.
#1231352
TuriПрограмма
1   2   3   4   5
Bog'liq
Дәріс 11

Графиктік редакторлар график түріндегі информацияны дайындау және өндеу үшін қодданылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте қолайлы. Оның үстіне графиктік редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерінде жасай алады.
Графиктік редакторлар мәліметтсрдің есептелу нетижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата осьтеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола береді. Күрделі графиктік бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, РС Illustrator т.б. жатады.


Электрондык, кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлерінің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар — демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда оны мен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.

Мультимедиалық программалар. «Медиа» - аударғанда «тасушы» (носитель), «хабарларшы» (вестник) дегенді білдіреді, қазіргі түсінік бойынша – ақпарат түрі, яғни «мультимедиа» - бұл барлық ақпарат түрлерінің біріккен түрі. Олар графика, дыбыс, видеопрограмма.

Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пендерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.


Download 21.31 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling