Егер студент оқып жатқан пәніне қызығушылықпен қараса, онда тез және терең меңгере алады
Оқулық тарауы мен тақырыбы бойынша мазмұнды дайындау
Download 193.5 Kb.
|
file LAB 6 (1)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 3.2 Электронды оқулықтардың жекелеген құрылымдары сценарийлерін әзірлеу.
3.1 Оқулық тарауы мен тақырыбы бойынша мазмұнды дайындау. Электронды оқулық мазмұны жайлы түсінік оқушының ойлау қабілетін дамытуды қамсыздандыратын дағды жасай білу, білім жүйесі ұғынылатын білім мазмұны ұғымының бөлігі болып табылады.
Электронды оқулықтың мазмұнды бөлігін тәжірибелі педагог, университетте бірнеше жылдар бойы берген педагог-новатор жасап, дайындай алады. Жекелеген тақырып мазмұнын жасау кезінде оқу материалын қабылдау күрделілігі деңгейі мен беру күрделілігі деңгейі бойынша қалыпқа келтіруге болады. Осы жұмыс барысында мыналар қажет: Оқу материалының негізгі ядросын бөліп алу. Оқу материалын зерттеуде жанама кезеңдерді бөлу. Оқу курсының басқа тақырыптарымен байланыстарды ерекшелеу. әрбір тақырып бойынша практикалық әр түрлі деңгейлі көп варианттарын таңдау. ұғымға, оқиғаға және тағы басқаларға анимацияны, графикті, иллюстрацияны, демонстрацияны және видеофрагментті таңдап алу. 3.2 Электронды оқулықтардың жекелеген құрылымдары сценарийлерін әзірлеу. Педагогикалық тәжірибеге танымдық қызығушылықты оқушының танымдық қызметін белсендіруші құрал, мұғалімге оқу процесін қызықты ететін, студенттердің көңілін өзіне аудара алатын, олардың ойлау процесін белсенді етуге мүмкіндік беретін тиімді инструмент ретінде қарастырады. Оқуға арналған педагогикалық программалық құралдардың сценарийлерін құру кезінде Г.И. Щукиннің осы сөздерін есте сақтау қажет. Электронды оқулық сценарийі – бұл оқу курсы мазмұны мен оның процессуалды бөлігін әр түрлі деңгейі мен тағайындаудың программалық құрылымы шеңберінде кадр бойынша үлестіру. Процессуалды бөлік мазмұнды бөлікті ашу мен ұсыну үшін монитор экранына қажеттілердің барлығы болып табылады. Әр түрлі деңгейдегі программалық құрылымдар – бұл гипермәтін, анимация, дыбыс, графика және тағы басқа мультимедиялық технологиялар компоненттері. Мультимедиа – бұл жоғары сапалы дыбыспен, текспен және компьютерлік графикамен анимацияның жылжымайтын бейнелер мен және жылжитын видеомен жұмысты қамтамасыз ететін интерактивті жүйе. Бұл құралдарды қолдану бір мақстақа бағытталған сипатқа ие: көрушілік және эмоционалды жадыны белсендіру үшін, танымдық қызығушылықты дамыту мен оқуды ынталандыру үшін. Программалау. Оқулық материалы сценарийін дайындаған соң программистке компьютерде іске асыру үшін беріледі. Жасау міндет мақсатына байланысты оқулық үшін электронды тасымалдаушы түрі мен программалау тілі таңдалады. Электронды тасымалдаушы дискета, компакт-диск, Internet ортасы бола алады. Апробация. Электронды оқулық онымен пән мұғалімдері, оқытушылар жұмыс жасай алатын болса, өте пайдалы болып табылады. Бұл біріктірілген семинарда немесе біліктілікті көтеру институтының курстарында жасалады. Электронды оқулықтар жайлы адамдардың пікірі жасаушылар үшін өте маңызды; оларды ескереді, олардың кезінде түзету курсына енгізеді. Электронды оқулық оқу орны жағдайында апробирлау қажет. Апробация кезінде жасаушылар ескермеген қателер, еңдіру қолайсыздары айқындалады. Апробация нәтижесі бойынша түзетулер. Апробация нәтижесі бойынша электронды оқулық программаларын түзету жүргізіледі. Download 193.5 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling