Әлде Астана, Алмас мен Әсел, алмұрт немесе алма, қарға мен түлкі, қасқыр яки


Download 13.42 Kb.
Sana18.02.2023
Hajmi13.42 Kb.
#1211251
Bog'liq
7-апта А1


1-тапсырма.Көп нүктенің орына жалғаулық шылауларды қойыңыз.
Алматы әлде Астана, Алмас мен Әсел, алмұрт немесе алма, қарға мен түлкі, қасқыр яки қоян, тау мен көл, ай мен күн, қыз немесе бала.
2-тапсырма. Қажетті шылауларды қойыңыз.
Назгүл да, Назым да.мектепте оқиды. Мектеп алдынан бір топ мұғалімдер мен оқушылар ағаш отырғызып жатыр. Сыныпта Ілияс да жүзе алады. Сен «Алпамыс» жырын оқыдың ба?
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимін сөздіктен тауып жазыңдар.
1.олжа-------------------табыс
2.әшекейлі---------------------зерлі
3.сақталып---------------------бекітіліп
4.сипаттайтын----------------түсіндіретін,бейнелейтін
5.ерекшеленеді-----------------айқындалады
6.өрлеуі--------------------------дамуы
4-тапсырма.«Қазақ елі»тақырыбына себебі,өйткені жалғаулықтарын араластырып диалог құрыңыз.

5-тапсырма. Отан,туған жер,ел туралы 10 мақал-мәтел мен ұлағатты сөздер жазыңыз.
1.Тұған жер-тұғырың.
2.Ел іші – алтын бесік
3.Аққу көлін аңсайды,
Ержігіт тұған жерін аңсайды.
4.Отан оттанда ыстық.
5.Тұған жердей жер болмас,
6.Тұған елдей ел болмас.
Отанды сүю – от басынан басталады.
7.Өз елінің иті де қадірлі.
8.Ер елінде – гүл жерінде.
9.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
10.Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол.
6-тапсырма. «Туған өлкем – қандай көркем». Эссе жазыңыз.
«Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған-туыс, жора-жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Бәкір Тәжібаев жырлаған мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қайда жүрсем, туған жерім, Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім, Көз алдымда тұрармысың! Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол.
Download 13.42 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling