Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Білім беру мекемелерінің Уставы –


Download 1.31 Mb.
bet107/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Білім беру мекемелерінің Уставы – білім беру мекемесі қызметіне же-текшілік ету және басқару жүйесін анықтайтын құжат. Уставта білім беру ме-кемелерінің орналасқан жері, түрі, қай тілде оқытуы; мақсаты мен міндеттері; оқу орындарын басқару; оқу-тәрбие және ғылыми-методикалық жұмыстарды ұйымдастыру; топ жетекшілерінің, оқытушылардың құқықтары мен борыш-тары; оқушылар және олардың ата-аналарының құқықтары, жауапкершілігі мен міндеттері, сондай-ақ оқу орындарының материалдық және қаржылық жағынан қамтамасыз етілуі белгілеп берілген.


4.1.3. Білім беру мекемелерін басқару принциптері.
Педагогикалық әдебиеттерде білім беру жүйесін басқаруға негіз болатын принциптерді орындайтын міндеттеріне қарай (жоспарлау, ұйымдастыру, ба-қылау) топтастырып беру үрдіс болған. Бұл кітапта басқарудың барлық мін-деттеріне қатысты болған принциптерді орыс ғалымы В.А.Сластениннің (Общая педагогика. Под ред. В.А.Сластенина. В 2 ч. – Москва, ВЛАДОС, 2003. Ч.1.) пікірлеріне сүйеніп жеке-жеке сипаттауға әрекет етеміз.
Педагогикалық системаны басқаруды демократияландыру және гу-манизациялау принципі. Педагог кадрларды таңдау және контракт негізін-де жұмысқа қабылдау, қабылданатын қаулыларды ашық талқылау, ақпарат-тардың барлығы үшін ашық түсінікті болуы, оқу орындары әкімшілігінің коллектив алдында әрдайым есеп беруі, оқытушы мен оқушыларға оқу орын-дарының өмірі туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік жасауы оқу орында-рында демократияның орнауына негіз болады.
Білім беру мекемелерін басқаруда жеке адамға ерекше құрмет көрсету, оған сенім білдіру, педагогикалық қызметте субъекттің субъектке қатынасы дәрежесіне дейін жету гуманизациялау принципіне негізделген басқаруды білдіреді.
Басқарудың жүйелілігі мен біртұтастығы принципі. Білім беру меке-мелерін басқаруға жүйелі қатынаста болу арқылы жетекші оқу мекемесін тұ-тас жүйе ретінде және оның белгілері туралы анық түсінікке ие болады. «Жүйе» түсінігі тұтастықтың болуын және оны бөлшектерге ажырату мүм-кіндігін көрсетеді – бұл жүйенің бірінші белгісі. Екінші белгісі – система-ның ішкі құрылымы болуы. Үшінші белгісі – жүйенің интеграциялана алуы. Төртінші белгісі ретінде білім беру мекемелерінің сыртқы мұхитпен тығыз байланыста болуын айтамыз. Білім беру мекемелері сыртқы мұхитқа бейім-деліп, өзінің процестерін қайта құрады және өзінің мақсаттарына жету үшін сыртқы мұхитты бағындырады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling