Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-38-2021 ба спа


Download 0.84 Mb.
bet2/16
Sana18.02.2023
Hajmi0.84 Mb.
#1213519
TuriЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Bog'liq
Рухани сабақтастық. Силлабус.9.03.22

Тараз 2021

«Рухани сабақтастық /әл-Фарабиден хакім Абайға дейін/» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми Кеңесінің 29.06.2021 жылғы №11 хаттамасымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде дайындалған.


Пәннің саясаты. «Рухани сабақтастық /әл-Фарабиден хакім Абайға дейін/» пәні 1-апта мен 15-апта аралығында аралас форматта оқытылады. Бұл пән бойынша барлығы 22 сабақ, оның ішінде 7 сабақ – лекция, 15 сабақ – семинар, 6 сабақ – БАОӨЖ түрінде өтеді. Сондай-ақ студенттер өз бетінше тапсырмалар орындайды.
Жұмыс нәтижелі болу үшін студенттер академиялық адалдықты сақтап, оқу процесіне белсенді қатысуы, берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімге дейін өткізуі керек. Өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарап, ашық, әділетті, әдепті болуы керек. Студенттің тәртібі университеттің ішкі тәртіп ержелеріне сай болуы шарт.
Әр аптадағы сабаққа студент оқытушы тарапынан әзірленген лекциялар, презентациялар, лекция конспектілерін және силлабуста берілген негізгі, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тыңғылықты дайындалуы тиіс. Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлері плагиатқа тексеруден өтеді.
Тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сай жүргізіледі. Бағалар 4,6,8,10,12,14 апталарда мәліметтер базасына пайыздық мөлшермен 0-100% баллдық-рейтингтік көрсеткіш бойынша қойылады. Оқу процесін бақылап-тексеру үшін 8-ші және 14-ші апталарда аралық бақылау өткізіледі. 8,14 апталардағы максималды балдардың қорытындысы бойынша аралық бақылаудың жинақ баллы - 60 балды (100%-ға дейін) құрайды.
. Cтудент лекция және практикалық сабақтарға қатысып, тақырыптар бойынша ауызша жауап беруі тиіс. Пән бойынша студенттер сондай-ақ өздері таңдаған тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстар дайындап, тапсырады.
Білім алушы тапсырмаларды тікелей оқытушыдан немесе жүктеп алу үшін міндетті түрде студент порталына кіру арқылы университеттің ресми LMS - Сириус бағдарламасын пайдалана алулары қажет. Белгіленген уақыт өтіп кеткеннен кейін орындалып, тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды және орындалған болып есептелмейді. Толық интеграцияланған баға студент барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды толық орындаған жағдайда ғана қойылады.


Download 0.84 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling