Кіріспе. Жалпы мағлұматтар Телекоммуникация


Download 64.77 Kb.
bet2/3
Sana20.10.2023
Hajmi64.77 Kb.
#1712527
1   2   3
Телеграф пен телефон
1837 жылдың 25 шілдесінде ағылшын өнертапқышы сэр Уильям Фотергилл Кук пен ағылшын ғалымы сэр Чарльз Уитстон алғашқы коммерциялық электр телеграфын жасап көрсетті. Екі өнертапқыш та өз құрылғыларын жаңа құрылғы емес, "жетілдірілген электромагниттік телеграф" деп қарастырды.

1955 жылғы үлгідегі жапон радиосы
Самуэль Морс 1837 жылдың 2 қыркүйегінде электр телеграфының тәуелсіз жасап шығарған өз нұсқасын көрсетті. Алғашқы трансатланттық телеграф кабелі 1866 жылдың 27 шілдесінде табысты жасалып бітті, сол арқылы ең алғаш рет трансатланттық байланыс жүзеге асырылды.
Алғашқы болып телефонды 1876 жылы Александр Белл патенттеді. Элиша Грей де осы жылы патенттеуге ұсыныс берді. Алғашқы коммерциялық телефон қызметтері Атлантиканың екі жағындағы Нью-Хейвен мен Лондон қалаларында Bell Telephone Company компаниясымен 1878 жылы және 1879 жылы құрылды.

XX ғасырдағы алғашқы телефондардың бірі, 1930
Радио мен телевидение
1901 жылы Атлант теңізі арқылы радиотолқындардың алыс қашықтыққа таратылу құбылысын пайдалана отырып 1894 жылдан бастап итальян өнертапқышы Гульелмо Маркони сымсыз байланысты жасауды қолға алды. Бұл кезең радиобайланыс арқылы сымсыз телеграф байланысын таратудың басы еді. Дауыс пен әуенді радио толқындар таратуға талпыныс 1900 және 1906 жылдары жасалды, бірақ айтарлықтай табысты болмады.
Миллиметрлік толқындарда байланыс таратуды алғашқы рет бенгаль физигі Джагадиш Чандра Боз 1894-1896 жылдары зерттей бастады. Ол өзінің тәжірибелерінде өте жоғары жиілік - 60 ГГц-ке дейін жеткізді. Сондай-ақ радиотолқындарды табу үшін жартылай өткізгішті ауысуды қолдануды енгізді, 1901 жылы ол радиокристалдық детекторды патенттеді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс әскери байланыстарға қажетті радионың дамуын қарқындатты. Соғыстан соң коммерциялық АМ-радиохабартарату 1920 жылы басталды және көңіл көтеру мен жаңалықтар таратудағы маңызды ақпарат құралына айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс тағы да әскери мақсаттарға арналған радионың , авиация және жер үстіндегі радио байланысының , радионавигация мен радарлардың дамуын тездетті. Стереофониялық FM-хабар таратудың дамуы АҚШ-та 1930 жылдарына тұспа-тұс келді және 1960 жылдар мен 1970 жылдар арасында Біріккен Корольдікте басым коммерциялық стандарттағы АМ хабар таратуды ысырды.
1925 жылдың 25 наурызында Джон Логи Бэрд Selfridges Лондон әмбебап дүкенінде қозғалатын кескіндерді таратуды көрсете алды. Бэрд құрылғысы Нипков дискісіне негізделді, осылайша механикалық телевидение ретінде танылды. Британия радиохабар тарату корпорациясы 1929 жылы 30 қыркүйекте сынақтық трансляциялар жасады. Алайда жиырмасыншы ғасырдың басында ұзақ уақытқа дейін теледидарларда Карл Браун ойлап тапқан электронды-сәулелі түтіктер қолданылды. Осындай көп уәде етілген теледидарды Фил Франсворт жасап шығарды және оны өз отбасында 1927 жылдың 7 қыркүйегінде көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тоқтап қалған сынақ тәжірибелері қайта жаңартылды, ол үйдегі көңіл көтеретін негізгі маңызды техникаға айналды.

Download 64.77 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling