Лекция 1 Қоғамның дамуындағы маңызды бөлімдердегі акт ролі. Акт аумағындағы стандарттар. Акт аумағындағы түсініктер
Download 0.78 Mb. Pdf ko'rish
|
Лекция 1
- Bu sahifa navigatsiya:
- АКТ пәні және оның мақсаттары. АКТ 1 Пәннің мақсаты
- Анықтамалар
Лекция 1 Қоғамның дамуындағы маңызды бөлімдердегі АКТ ролі. АКТ аумағындағы стандарттар. АКТ аумағындағы түсініктер. АКТ пәні және оның мақсаттары. АКТ 1 Пәннің мақсаты: • қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану жайында түсінік беру; • есептеу техникасының архитектурасы, операциялық жүйелер және желілер жайында түсінік беру; • web және желілік қосымшаларды өңдеудің тұжырымдамаларымен ақпараттық қауіпсіздік негізінде таныстыру; • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электронды оқытудың қағидаларын баяндау; • жеке шығармашылық ізденістер жасауға үйрету; • заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және тенденцияларын, олардың дамуын баяндау. Анықтамалар 1. Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) (ағыл. Information and communication technology) – ақпаратты қолданушылар мүдделеріне сай оны жинау, өңдеу, сақтау, тарату, кескіндеу және пайдалану мақсатымен біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер, бағдарламалы-техникалық және лингвистикалық құралдардың жиынтығы. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технология – ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату үрдістері мен әдістері және бұл үрдістер мен әдістерді іске асыру тәсілдері. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технология – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешендер мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс- қимыл әдістерінің жиынтығы. Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса керек. Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі. Автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, түрлендіруді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі. Ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, сервистік бағдарламалық өнімдер; Ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс- әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы; Ақпараттықжүйе түрлері • Ақпараттық-құқықтық жүйелер; • Геоақпараттық жүйелер; • Экономикалық-қаржылық жүйелер; • Техникалық-жобалау жүйелері; • Ғылыми-техникалық жүйелер; • Оқу-білімдік жүйелер. Ақпараттық қоғам ̶өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғамдамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. 2 Әлемнің мәдениетт іелдер қатарында болған компьютерлік революция адамжандүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліпс оқтырады. Smart-қоғам – ақпараттыққоғам дамуының келесі кезеңі. Smart-қоғам азаматтары әзірлеген техникалық құралдар, қызметтер мен интернетті пайдалану жиынтығы қоғамдағы субъекттердің өзара әрекетіндегі сапалы өзгерістерге ̶ әлеуметтік, экономикалық және т.с.с қолайлы тіршілік үшін артықшылықтарға келтіреді. Download 0.78 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling