Лекция 1 Қоғамның дамуындағы маңызды бөлімдердегі акт ролі. Акт аумағындағы стандарттар. Акт аумағындағы түсініктер
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Download 0.78 Mb. Pdf ko'rish
|
Лекция 1
- Bu sahifa navigatsiya:
- Нарық саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар Ақпаратты және коммуникациялық технологиялар ˗ қоғамда ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға қолданылатын әдістер, құрылғылар мен өндірістік үрдістердің жиынтығы болып табылады. XX ғасырдың екінші жартысында ақпараттар көлемінің қарқынды өсуіне байланысты ақпаратты сандық түрінде өңдеуге, сақтауға және алмасуға арналған арнайы техникалық қондырғылар пайда бола бастады. Ақпаратты өңдейтін әмбебап құрылғы компьютер болып табылады. Компьютерге жалғанатын сыртқы құрылғылар (принтер, сканер, сандық камера және т. б.) компьютерге ақпаратты сандық түрінде енгізуге және адамға қолайлы түрінде ұсынуға мүмкіндік береді. Ақпаратты компьютерлер арасында тарату үшін сымды және сымсыз компьютерлік желілерде әртүрлі модемдер, бағдарлауыштар, коммутаторлар және басқа да желілік құрылғылар пайдаланылады. Әлемде мынадай үрдістер байқалуда: АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі; Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу; Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу; Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету; Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау. Нарық саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми- технологиялық кілті болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлттық есептеулер, мобильді және мультимедиялық технологиялар, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр. Download 0.78 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling