Lingvist oxirgi shakl 1-son indd
Қазақ терминологиясының кейбір өзекті мәселелері –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе, -м, -ым/-ім, -уыш/-уіш, -уыл/-
Download 1.51 Mb. Pdf ko'rish
|
Lingvist OXIRGI SHAKL 1-son
- Bu sahifa navigatsiya:
- –ат, -қа, -л, -мыс, -н, -ын/-ін, -сын, -шақ/-шек, -ық/-ік
33
Қазақ терминологиясының кейбір өзекті мәселелері –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе, -м, -ым/-ім, -уыш/-уіш, -уыл/- уіл, -ауыл/-еуіл, -қыш/-кіш, -ғыш/-гіш, -с, -ыс/-іс, -лық/- лік, -шы/-ші, -гіш/-ғыш, қыш/-кіш, -уыш/-уіш, -қы/-кі, -ғы/-гі, -қ, -ақ/-ек, -ық/-ік жұрнақтарына қоса термин жасауға сирек қатыстырылып жүрген –ат, -қа, -л, -мыс, -н, -ын/-ін, -сын, -шақ/-шек, -ық/-ік, секілді жұрнақтарды да қалтарыста қалдыра бермей, орнымен пайдалану арқылы да терминологияямыздағы ұлттық термин жасау үлгілерінің қатарын толықтыра түсу мүмкіндігі бар екенін айтады[6,42-48]. Алып-қосарымыз жоқ. Терминдердің қолданылуын реттеу үшін бізге мынадай міндеттерді орындау қажет: 1. Терминдер мен олардың беретін ұғымдарын оқыту тәжірибесімен ұштастыра зерттеу; 2. Қазақ тіліндегі жекелеген терминдер мен олардың ұғымдарының пайда болу көздерін анықтау; 3. Терминдердің статистикалық және салыстырмалы түрдегі сипаттамаларына сүйеніп, жасалған ұсыныс, пікір- лердің дұрыстығын тексеру. «Тіліміздің әр түрлі лексикалық қабаттарына жататын сөздер термин шығармашылығында ұтымды пайдаланылмай жатады. Терминологиялық қорымызды ұлттық негізде байытудың ішкі көзі болып табылатын көнерген сөздер, кәсіби сөздер мен диалектизмдерді барынша ұтымды пайдаланып отырмыз деуге әлі ерте. Мәселен, айдауыл(конвой), жасауыл(пристав), бақауыл(надзиратель), торуыл(засада), тосқауыл(заслон) сияқты көнерген сөздер мен құжат(документ), ұжым(коллектив), үрдіс(тенденция), түнек(лежка), төп(барда), тәрізді аймақтық лексика есебінен терминқорымызды байытатын сөздер тілімізде баршылық. Оларды ыждағаттылықпен жинақтап, талғаммен пайдалана білсек, ғылыми-техникалық терминологиямыздың ұлттық сипаты арта түсері анық. Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырлардан, дастандардан, жыраулар мен ақын-жазушылар шығармаларынан, көне жазба ескерткіштерден тілімізді түзетуге жарайтын сөздерді іздеп тауып, олардың мағынасын жаңғыртып қажетімізне жаратып жатырмыз деп те айта алмаймыз. Жалпы қолданыстағы синоним сөздерді мағыналық реңктеріне қарай саралап қолдансақ та талай ұғымдардың ара-жігі ажыратылар еді» - дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы[7,16]. 34 Болат ҚАЛЫБЕКОВ Жалпы термин қалыптастыруда сөз мағынасын дұрыс түсінбей, «ұғымның көлемі мен мазмұнын ажырата білмеуден» туындайтын орашолақ аударма атаулары да терминжасамдағы кемшіліктер қатарына жатады. «Мысалы төмендегі атауларды да солардың қатарына қосуға болады: Грибковые заболевания – саңырауқұлақ аурулары(бопа аурулары), дочерние предприятия- қыз кәсіпорындар, цельное молоко-мақсатты сүт, рукопашный бой-қоян-қолтық ұрыс, подзаконный акт-заң асты актісі, генерал-майор—қыран, капитан-қаршыға, смертность-өлімпаз, насос-алсор т.б.» [7,16]. Тағы бір айта кетерлігі – кірме сөздерді жазу кезінде туындайтын қиындықтар. Кірме сөздерді өзіміздің тілдік заңдылығымызға бағындырып жазбай, сол өзге тілдегі қалпын сақтап жазу қалыптасып кеткендіктен, кірме сөздерді көбіне қате жазамыз. Бұл туралы 1951 жылы ұлы жазушымыз М.Әуезов: «Біздің соңғы жылдардағы жазуымыз, қолдануымыз бойынша орыс сөздері, шетел атаулары орысша қалай жазылса, қазақта да солай жазылуы керек. Осы қағиданың екі жақты қайшылығы бар. Бұнда мұғалімге, балаға түзу жазып үйрену үшін туатын тағы бір қиындық – қазақ орфографиясын білуден бұрын орыс тілінен кірген, бүгін қазақтікі боп кеткен орысша сөздерді орыс грамматикасы бойынша қалай жазу дұрыс екенін білу керек. Қазақтың өз тілінің ерекшелік заңдарына бейімдеп алмай, орысша жазу үлгісінде алғандықтан, қазақ балалары да, әсіресе мұғалімдері де қазақ тілінің жазу заңдарын қанша жақсы білсе де, орыс сөздерін жазуға келгенде үнемі қате жазады... Біздің грамматикамызда осы жөнде асыра сілтеу, сыңаржақтық бар сияқты» деген болатын[8,18]. М.Әуезов: «Вопросы философии» журналының 1950 жылғы үшінші санында Мординов жолдас көтерген елеулі мәселелер жайын ойланбасқа болмайды, «бұл тыңнан көтеріліп отырған мәселе»,»Мординов мақаласында орыс сөздерін ұлттар тілдерінде орыс орфографиясымен жазғызуды «маршылдықтың бір солақайлығы» деп бағалайды», дей отырып, мординовтан және мынадай дәйексөз келтіреді: «Орыс тілінен түркі тілдері сияқты басқа көп тілдерге кірген сөздерді жазудың мынадай негізгі принципін белгілеген академик Мещанинов пен профессор Сердюченко болатын. Олар «жасанды әралуандылықты жою мақсатымен» деп дәлелдеп, орыс орфографиясы мен туысқан елдер орфографиясы жөнінде заң ұсынды. Орыс сөзі мен халықаралық атаулар орыс 35 Қазақ терминологиясының кейбір өзекті мәселелері тілі арқылы алғанда орыс орфографиясы бойынша жазылсын. Бұл атаулардың жазылуына бұрмалау кірмесін» деді. Осындай ұсыныс ұлт тілдерінің орфографиясына анархия тудырады. Ана тілінде хат тануды нелер қиындыққа соқтырды. Жергілікті газеттер мен журналдардың жұмысын да ауырлатты» [8,18]. Бұл зәрулік жазу емлемізде әлі де өз шешімін таппай келеді. Терминдер мен олардың ұйым-түсініктерін және іс- жүзінде практикада қолданылуын қарастыра отырып, біз бұл салаға қатысты барлық мәселелерді түгелдей қарастыруды мақсат тұтпақ емеспіз. Біздің мақсатымыз – кейбір терминдердің қолданылуына талдау жасау арқылы оларды дұрыс қолдану принциптерін жетілдірудің жолдарын ұсыну. Өзіндік бағыт- бағдары, зерттеу нысанасы бар әр ғылым саласының белгілі бір ұғымдар жүйесі, зерттеу нысаны болатыны мәлім. Ғылым тереңдеп, салмақтанған сайын, оның терминдері де байып, саралана түспек. Әр ғылым саласындағы терминдерді жіктеп, бір арнаға салудың және сөздіктер құрастырудың практикалық мәні де зор. Қазақ тілінің ғылыми термин жағынан толығуының көптеген жолдары бар. Жаңа қоғамдық формация, мәдени- экономикалық қарым-қатынастар жаңа ұғымдарды дүниеге келтірді. Кезінде олардың көбісінің қай тілде болмасын атауы жоқ сөздер болатын. Міне, осындай өміршең талаптан туған зәрулікті қанағаттандырудың екі түрлі жолы бар. Оның бірі — әр тілдің өз ішкі заңдылықтарына сүйене отырып жаңа сөздер жасау да, екіншісі - басқа тілдерден әзір тұрған сөздерді қабылдау немесе сөзбе-сөз (калька арқылы) аударып алу. Тілдің өз ішкі заңдылықтарына сүйене отырып әскери терминдер жасау тәжірибесі: двухшереножный строй – екі қатарлы сап строй разомкнутый – жазылма сап строй сомкнутый – жиналма сап фланг – қаптал интервал – аралық дистанция – ара қашықтық становись – саптал равняйсь – түзел ссмирно - тіктел (сымдал) ввольно – бостан заправиться – жинақтал отставить – тоқттат Болат ҚАЛЫБЕКОВ 36 пол оборота направо – оңға қырында пол оборота налево – солға қырында строевой шаг - саптық адым шире шаг – қарышта короче шаг – қысқа адымда чаще шаг – баяулат шагом марш – адымда ремень отпустить – белдікті босат приклад завернуть – дүмді бүкте атака – шабуыл принять направо – оңға ығыс на первый-второй – бірінші-екіншіге санал отряд специального – арнайы жасақ маскировка – алдамша увеличить дистанцию – ара қашықтықты ұлғайт засада – торуыл усстав – жарғы гражданское лицо - азаматтық тұлға выводной – шығарушы конвойный – айдауыл боевая задача – жауынгерлік тапсырма т.б. Егер қазақ тіліне басқа тілдерден енген терминдердің дәл осы мағыналық ұғымын беретіндей қазақ тіліндегі эквиваленті болмаған жағдайда, оны өзгеріссіз, сол қалпында қалдырған жөн секілді. Оған төмендегі әскери терминдердің жасалу мысалдары арқылы көз жеткізуге болады: абордаж – абордаж авангард – авангард аръергард – аръергард армада – армада бастион – бастион багинет – багинет баталия - баталия егерь – егерь картечь – картечь кавалергард – кавалергард мушкет – мушкет мортира – мортира муштра – муштра рейтары – рейтарлар эстафета – эстафета т.б. Қазақ терминологиясының кейбір өзекті мәселелері 37 «Сәтті балама табылмай жүрген сөздер: часть – бөлімше, подразделение – бөлімше, служба – қызмет секілді әскери терминдер. Бұл сөздердің отдел – бөлім, раздел – бөлім, отделение – бөлімше, деятельность – қызмет, функция – қызмет секілді сыңарлары бар[9,33]. Download 1.51 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling