Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Құ
лақ есту жəне тыңдау мүмкіндігіне ие. Егер адамның құлағының мүкістігі болатын болса, бұл оны есту мүмкіндігінен бас тартқызып тұрған өміріндегі болып жатқан жағдайға байланысты. Құлақтың ауруы – бұл сіз естуге тиісті нəрсеге байланысты қобалжуды білдіреді. Балалардың құлағы үнемі ауырады. Олардың тыңдағысы келмеген нəрсені үйде жиі тыңдауына тура келеді. Сəбидің ашу білдіруіне тыйым салынады, шын мəнінде олардың бір нəрсені өзгертуге дəрменсіздігі құлақ ауруына əкеп соғады. Саңыраулық ұзаққа, мүмкін өмір бойына созылатын, біреуді тыңдауға деген құлықсыздықты блдіреді. Көңіл аударыңыз: кейде есту аппаратымен жүрген серіктесті кездестірсек, енді бірі ауыз жаппай сөйлеумен болады … Көз көру мүмкіндігін білдіреді. Егер көзіңізге байланысты проблема туындап жатса, бұл əдетте не өзіңіздегі немесе өз өміріңіздегі бірдеңені көруден бас тартуды білдіреді. Мен көзілдірік киген балаларды көрген кезде олардың үйлеріндегі бір жайсыздықты білемін: олар тура мағынасында нəрселерді көруден бас тартады. Егер олардың үйдегі жағдайды түзеуге күші келмесе, онда олар көздерін анық көру мүмкіндігінен айыру үшін жанарларын сейілтеді. Бас ауруы біз өзімізді толыққанды сезінбеген кезде болады. Басыңыз ауырған кезде бір минутқа тоқтап, сіз өзіңізді қай жерде қор сезінесіз жəне неліктен солай екенін өзіңізден сұраңыз. Бұлай сезінуден құтылу үшін өзіңізге кешірім жасаңыз, сонда сіздің бас ауруыңыз да өзінен өзі жоғалады. Бас сақинасы өмірде мінсіз болғысы келген жандарда, сондай-ақ мына өмірге өкпесі қара қазандай пенделерде болады. Мойын мен тамақ өте қызғылықты. Мойын – бұл ойлау икемділігіне бейімділік, мəселенің екінші жағын көруге жəне басқа адамның көзқарасын түсінуге деген бейімділік. Бізде мойынға байланысты мəселелер туындап жатса, бұл біздің қасарысып, икемді болудан бас тартатынымызды білдіреді. Алқым – Бұл біздің нені қаласақ соны сұрау жəне өзіңе қорған болуға деген бейімділігімізді білдіреді. Алқымға байланысты проблема «құқымыз жоқ» деген сезім мен өз бойыңдағы жетімсіздіктерді сезінуден туындайды. Ауру алқым – бұл қашан да наразылықты білдіреді. Ал егер оған суық тию қосылса, бұл онда - абыржу. Ларингит, əдетте, ашудан булығып сөйлей алмауды білдіреді. Одан басқа алқым біздің барлық творчестволық энергияларымыз бағытталған ағза бөлігін білдіреді. Таңдай бездері мен қалқан бездеріне байланысты аурулар сіздің істегіңіз келген нəрсені творчестволық тұрғыда істей алмағаныңыздан хабар береді. Біздің өзгерістеріміз бəрінен бұрын сол тамақтың аумағында болып жатады. Біз өзгерістерге қарсылық танытқан кезде, проблема тамағымызда пайда болып жатады. Біздің кейде жоқ жерден жөтелетінімізге көңіл бөліңіз. Немесе басқа біреу жөтеле бастайды. Осы сəтте не айтылады? Біз неге көңіл бөлеміз? Мүмкін бұл қасарысу, қ арсыласу немесе біздің өзгерістер процесінде екендігімізден хабар беру? Арқа қолдау жүйесін білдіреді. Арқаңызда проблеманың болуы сіздің жеткілікті қолдауды сезінбейтініңізді көрсетеді. Біз жанұямыз бен достарымыз қолдайды деп өте жиі ойлаймыз. Шын мəнінде бұл Жаратушы мен Өмірдің өзінің қолдауы. Проблеманың арқаның жоғарғы бөлігінде болуы - эмоциональды қ олдаудың жеткілікті болмағанын білдіреді: «Менің күйеуім (нақсүйерім, досым) мені түсінбейді жəне қолдамайды». Арқаның ортаңғы бөлігінің кінəлілік сезіміне тікелей қатысы бар. Сіз артыңызға тығылған нəрседен немесе адамнан қорқасыз ба? Сізде арқаңыздан біреу ұрған сияқты сезіну сезімі жоқ па? Сіз үнемі өз ақшаларыңыз туралы ойлайсыз ба? Сіздің қаржылық жағдайыңыз қ алай? Ол сіздің арқаңыздың төменгі бөлігі проблемасының негізі болуы мүмкін. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling