Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Ойша көзге елестету» жаттығуы
Махаббат
– біздің кез-келген проблемаларымыздың жалғыз жауабы, жəне бұндай халге жетудің жолы – кешіруде жатыр. Кешіру – ренішті сейілту. Оның бірнеше ə дісі бар. Ренішті сейілтетін жаттығу Бір тыныш жерде отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Сіз алакөлеңке театрда отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге елестетіңіз. Сахнаға сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз). Бұл адам тірі немесе өлі болуы мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі не осы шақтікі. Сіз бұл адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары жəне бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуіңізге болады. Сосын, сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қ ойыңыз. Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Жəне Жаратылыстың мейірімі біздің бəрімізге де жететінін біліңіз. Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын сейілтеді. Кейбіреулерге бұл жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Бұл жаттығуды бір ай бойы күніне бір реттен жасап тұрыңыз жəне қаншалықты жеңілденгеніңізді бақылаңыз. «Ойша көзге елестету» жаттығуы Міне, тағы бір өте жақсы жаттығу. Өзіңізді жас сəби қылып елестетіңіз (5-6 жасар). Осы сəбидің көзіне терең қадалып қараңыз. Терең мұңды көруге жəне оның сізге деген махаббат мұңы екенін түсінуге тырысыңыз. Қ олыңызды созып, кішкентай сəбиді құ шақтаңыз, көкірегіңізге басыңыз. Оған қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Сіз оның ақылдылығын мақтаныш тұтатыныңызды, егер ол қ ателік жасаса ештеңе етпейтінін, ондайды жұрттың бəрінің де жасайтынын айтыңыз. Егер қажет болса сіз оған қашан болса да көмекке баруға уəде беріңіз. Енді сəби тип-титтей, бұршақтай ғана сəбиге айналсын. Оны өзіңіздің жүрегіңізге қойыңыз. Ол сол жерден орын алсын. Сіз төмен қараған кезде оның кішкентай сұлбасын көріп, ол үшін үлкен мəнге ие барлық махаббатыңызды бере аласыз. Енді 4-5 жастағы үрейлі жəне махаббатқа шөліркеген өз мамаңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Оған да қолыңызды созып, сіз оны қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Ешқандай жағдайға қарамастан оның сізге арқа сүйей алатынын айтыңыз. Ол тынышталып, өзін қауіпсіз сезінген кезде, оны өзіңіздің жүрегіңізге орналастырыңыз. Ал енді əкеңізді 3-4 жастағы кішкентай бала қылып елестетіңіз, ол да бірдеңеден қорқады жəне қатты өксіп жылауда. Сіз оның денесіне бұршақтап құйылып жатқан көз жасын көресіз. Сіз енді жас балаларды қ алай тыныштандыру керек екенін білесіз. Оны кеудеңізге қысып, денесіндегі дірілді сезініңіз. Тыныштандырыңыз. Ол сіздің махаббатыңызды сезінсін. Сіз оған онымен бірге болатыныңызды айтыңыз. Оның көз жасы кепкен кезде ол да құртымдай болсын. Оны ө зіңізбен жəне мамаңызбен бірге жүрегіңізге орналастырыңыз. Олардың барлығын сүйіңіз, дүниеде кішкентай балаға махаббаттан артық қасиетті ештеңе жоқ. Біздің жүрегімізде күллі планетаны сауықтыруға жетерлік махаббат бар. Бірақ, алдымен біз өзімізді өзіміз сауықтырайық. Сіздің барлық тəніңізге тарап жатқан жылылықты, жұмсақтық пен нəзіктікті сезініңіз. Бұл қымбат сезім сіздің өміріңізді ө згертсін. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling