Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet18/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Қ
алай өзгеруге болады?
Бұның негізінде үш негізгі принцип жатыр:
Ө
згеруге құлықтылық.
Ақылға бақылау қою.
Ө
зіңді жəне өзгелерді кешіру.
Ө
згеруге құлықтылық туралы жоғарыда айттық, енді ақылға
бақылау қою туралы айтайық. Біздің бəріміз ақылымызға қарағанда
ə
лдеқайда зорырақ бір нəрсеміз. Сіз мүмкін, өміріңіздегі барлық


нəрселерге ақыл жауапты деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұндай
таным сіздің осылай ойлайтындығыңызға ғана негізделген. Сіздің
ақылыңыз – бұл олай да, бұлай да қолдануға болатын қару. Ол əрқашан
сіздің қызметіңізде. Бір минутқа ойыңыздағы «мылжыңды» өшіріңіз де
«Сіздің ақылыңыз – сіздің қаруыңыз» деген пікірдің мəні туралы
ойланыңыз. Оны қалай пайдалануды сіз өзіңіз шешесіз.
Сіз таңдайтын ойлар сіздің барлық өмірлік жағдаяттарыңызды
тудырады. Ой мен сөзде адам сенбестей күш бар. Сіз өзіңіздің ойыңыз
бен сөзіңізге бақылау жасаған кезде, сіз бұл күшпенен үйлесімде
боласыз. Сіздің ақылыңыз сізге бақылау жасайды деп ойламаңыз. Тіпті,
керісінше, сіз ақылыңызға бақылау жасайсыз.
«Азаттық» жаттығуы
Терең дем алыңыз, сосын ауаның бəрін сыртқа шығарыңыз.
Денеңізді босатыңыз. Сосын өзіңізге айтыңыз: «Менің азат болғым
келеді. Мен еңсені басқан барлық салмақтан босаймын. Өзіммен өзім
жарасым табамын. Мен өмір процесінің өзінен жарасым табамын.
Қ
ауіп-қатерден тыспын». Бұл жаттығуды үш рет қайталаңыз. Сіз қиын
жағдайда тұрғандай болсаңыз, осы сөздерді қайталаңыз. Сонда бұл
сөздер сіздің бір бөлшегіңізге айналады жəне қалыпты болғаны
соншалықты, барлық салмақ пен күн сайынғы күрес біртіндеп сіздің
ө
міріңізден жоғалады. Денеңізді бос ұстаңыз жəне жақсы нəрсе туралы
ойланыңыз. Бұл сондай оңай.
Тəни босаңсу
Кейде сізге тəни босаңсу қажет. Біз тап келетін жағдайлардағы
келеңсіз тəжірибелер мен басымыздан өткеретін эмоциялар көбіне
біздің тəнімізде қалады. Бұдан тəни азат болу формасының бірі -
машинаның немесе үйдің терезесін жауып, бар күшіңмен айқай салу.
Бар күшіңмен жастықты немесе керуетті ұрғылау – келесі залалсыз
ə
дістің бірі. Əртүрлі спортпен шұғылдану немесе жылдам жүру де тура
осындай нəтижеге алып келеді. Жақында, бір-екі күннің бедерінде
иығым сұмдық қатты ауырды. Ауруға көңіл аударғым келмеді, бірақ ол
кетпеді. Сонда мен өзімнен сұрадым: «не болып жатыр, мəселе неде?
Мені не алаңдатады?». Мен жауап таппадым, сондықтан өзіме:
«Ендеше, қарап көрелік» дедім. Керуетке екі үлкен жастықты қойдым
да, оны бар күшіммен төмпештей бастадым. 12 соққыдан кейін мені не
ашуландыратынын анық білдім. Бəрі анық болды, мен жастықты одан
сайын ұра бастадым, осылай мен өзімді ашулану сезімінен азат еттім.
Аяқтап болып, мен өзімді əлдеқайда жеңіл сезіндім, ал келесі күні ауру
тіптен жоғалды.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling