Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Біздің əрекетіміз біздің қарсыласып жатқанымыздан хабар


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet16/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Біздің əрекетіміз біздің қарсыласып жатқанымыздан хабар
береді.
Бұл мынадан көрінеді:
Əң
гіме тақырыбы өзгеруімен;
Бөлмеден шыққыңыз келуімен;
Дəретханаға барғыңыз келуімен;
Кешігумен;
Ауырумен;
Жан-жаққа немесе терезеге қараумен;
Бір нəрсеге көңіл бөлуден бас тартумен;
Жегіңіз, ішкіңіз, шеккіңіз келуімен;
Қ
арым-қатынастың аяқталуымен.
Пікір. Біз түбінде қарсылыққа айналатын пікірмен өсеміз. Міне,
біздің кейбір шектеулі пікірлеріміз.
*Бұл маған жараспайды;
*Еркектер (əйелдер) бұны істемеу керек;
*Менің отбасымда бұлай болмаған;
*Махаббат – бұл менің қолым емес, бұл өте ақымақтық;
Жолы өте ұзақ;


Ө
те қымбат;
Көп уақыт алады;
Мен бұған сенбеймін;
Мен бұндай емеспін.
«Олар». Біз өз күшімізді басқаларға береміз жəн бұны өзгерістерге
тойтарыс беретін сылтау ретінде пайдаланамыз. Біздің басымызда
мынадай идеялар бар:
* Сəтінің түспеуі;
* «Олар» маған өзгеруге рұқсат етпейді;
Менде қажетті мұғалім, кітап, класс т.б. жоқ;
Менің дəрігерім басқаша айтады;
Бұл олардың кінəсі;
Бірінші олар өзгеруі керек.
Олар түсінбейді.
Бұл менің пікірлеріме, дініме, философияма қарсы.
Біз өзіміз туралы ойлаймыз:
Тым кəрімін;
Тым жаспын;
Тым семізбін;
Тым арықпын;
Тым ұзынмын;
Тым кішкентаймын;
Тым жалқаумын;
Тым күштімін;
Тым ақымақпын;
Тым кедеймін;


Тым сабырлымын;
Мүмкін мұның бəрі мен үшін емес.
Біздегі ең үлкен қарсылық қорыққандықтан пайда болады –
БЕЛГІСІЗДІК АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ. Тыңдаңыз:
*Мен дайын емеспін;
*Менен ештеңе шықпайды;
*Ал көршілерім не дейді?
*Менің «құрт толы банкіні» ашқым келмейді;
*Ал менің ата-анамның (күйеуімнің, əйелімнің, əжемнің, т.б.)
реакциясы қалай болады?
*Мен өте аз білемін;
*Егер мен өзімнің жанымды ауыртсам не болады?
*Менің проблемаларым туралы өзгелердің білгенін қаламаймын;
*Мен бұл туралы айтқым келмейді;
*Тым қиын;
*Маған ақша жетпейді;
*Мен өзімнің достарымды жоғалтамын;
*Мен ешкімге сенбеймін;
*Мен бұған сай боларлықтай жақсы емеспін.
Бұл тізімнің түпсіз жалғаса беруі мүмкін.
Менің бір əйел клиентім үш автомобиль апатына ұшырады,
жұлынын, мойнын үзді жəне тізесін сындырды. Ол маған келе
жатқанда жолда соғысып, оның үстіне көлік тығынында тұрып қалып,
соның кесірінен кешікті. Маған өзінің проблемасын айту оған жеңіл
тиді, оған: «Бір минут тоқтай тұрыңыз, менің сізге бірдеңе айтқым
келеді» дегенде, міне, сол кезде басталды. Көзілдірігі мазасын алды, ол
басқа орындыққа отырды, сосын оған дəретханаға бару қажет болды.
Қ
абылдаудың соңына дейін оның көңілін тоқтату мүмкін болмады.
Соңынан мен оның апайының да екі рет мойнын үзіп алғанын, сондай-
ақ олардың шешесінің де мойнын үзіп алғанын білдім.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling