Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet2/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

«Жазылмайтын» деген сөз мен үшін бір нəрсені ғана білдіреді: бұл
дəстүрлі əдіспен емдеуге болмайтын жағдай. Сондықтан да
сауығудың жолын табу үшін, турасын айтқанда, əркім өз ішіне үңілуі
керек. Егер мен операцияға келісіп, бірақ ескі танымдардан арылу
ү
шін ештеңе істемесем, дəрігер бейшара Луизадан дым қалмағанға
дейін кесе берер еді. Мен операцияға барсам да қатерлі ісікті туғызған
ө
з ойлау жүйемді өзгерткен болар едім де, қатерлі ісік енді қайтып
туындамас еді. Егер рак немесе басқа аурулар қайта пайда болып
жатса, ол бəрін кесіп тастамағаннан емес. Бұл жерде себеп адамның өз
санасына өзгеріс жасамауында жатыр, сондықтан ол ауруды өз
бойында, мүмкін, денесінің басқа бөлігінде қайта туындатты. Сондай-
ақ мен өзімнің ментальдық алаңымды тазартсам, операция қажет
болмайды дегенге сендім. Емдеуші дəрігеріме операцияға ақшамның
жоқ екенін айтып едім, ол өз кезегінде менің өмір сүруіме бар болғаны
ү
ш ай қалғанын хабарлады. Мен сол бойда іске кірістім. Емдеудің
дəстүрден тыс əдістері туралы көп оқи бастадым. Арнайы денсаулық
дүкеніне барып, қатерлі ісік туралы кітаптардың барлығын сатып
алдым. Мен кітапханаға барып бұл ауру туралы тапқандарымның
барлығын оқыдым. Əсіресе мені тері рефлексі туралы ғылым
қ
ызықтырды. Мен осыны істей алатын адамды таппаққа бекіндім. Бір
күні мен лекцияға бардым. Əдетте, мен алдыңғы жақта отырғанды
ұ
натамын, ал бұл жолы арт жаққа отырдым. Жаныма бір адам жақын
келді де, менімен қатар отырды. Бұл, мен іздеген адам болып шықты
(тері рефлексімен шұғылданады). Ол үйге аптасына үш рет келе
бастады, маған көп көмегі тиді.
Сондай-ақ мен өзімді өте қатты қадірлеуді жəне жақсы көруді
ү
йренуім қажет екенін түсіндім. Менің балалық шағымда сүйіспеншілік
жетіспеді, өзімді жақсы көруге мені ешкім үйреткен жоқ. Мен олардың
таусылмайтын мінеулерін өзіме деген қарым-қатынастарымен бірге
қ
абыл алдым да, бұл менің екінші бейнеме айналды.
Діни ғылым қоғамында жұмыс істей бастағанда мен өз іс-
ə
рекеттерімді қуаттаудың бар маңызын түсіне бастадым. Бірақ та
«Мен диетаны ертеңнен бастап ұстаймын» деген принцип бойынша
ү
немі кейінге қалдырып отырдым. Басында маған өзімнің айнадағы
бейнеме қарап: «Луиза, мен сені жақсы көрем. Мен шынымен сені
жақсы көрем», деп айту өте қиын болды. Мен ештеңеге қарамастан
айнаменен жаттыға бердім де, бұрын, əдетте өзімді қор сезінетін
жағдайларға енді басқаша қарайтынымды аңғардым. Сонымен маған
ө
зімнің бір жерде тұрып қалмағаным анық болды. Мен үшін ең қиыны
басқаларды кінəлауды тоқтату еді. Иə, менің балалық шағым қиын
болды, жəне барлығы да мені жыныстық зорлықпен, тəн қорлығымен,
ментальды түрде ренжітті. Бірақ бұл өте ертеде болды, жəне менің
қ
азіргі өзіме деген қарым-қатынасымды ақтамайды. Мен турасын


айтқанда өз денемді қатерлі ісікпен жей бастаған едім, себебі мен
кешіре білмедім. Өзіме жақсы психиатр тауып алдым да, соның
көмегімен қордаланған ашу-ызаны бойымнан шығара бастадым.
Жастықтарды ұрып, қаһарланып ақырдым. Бұл мені белгілі дəрежеде
тазартты. Сосын ата-анамның үзік-үзік естеліктерінен олардың
балалық шақтары туралы өзіме картина құрастырып алдым. Мен
оларды қатты аяп кеттім, олардың кінəсінен болған оқиғалардың бəрі
ұ
мытыла бастады. Бұлардың бəріне қосымша өзіме көп жылдар бойы
тəнімде жинақталған шіріктерді тазартуға көмектесер жақсы
диетолог-дəрігер таптым. Ол маған тек қана көкөністерден тұратын
қ
атал диета белгіледі. Алғашқы бір ай бойы аптасына үш рет менің тік
ішегімді тазартты. Маған операция жасаған жоқ, алты айдан кейін
дəрігерлер келісімге келуге мəжбүр болды да, маған мендегі қатерлі

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling