Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, бірақ біз өз ойымызды өзіміз


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet7/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, бірақ біз өз ойымызды өзіміз
таңдаймыз
Біз қайта-қайта бір нəрсе туралы ойлай беруге бейімбіз, сондықтан
бізге, өз ойларымызды өзіміз таңдайтындай болып көрінеді. Біздің
белгілі бір нəрсе туралы ойлағымыз келмейді. Біз өзіміз туралы
қ
аншалықты жиі жақсы ойлағымыз келмейтінін есіңізге түсіріңізші.
Ал, қазір өзіміз туралы жаман ойламауды үйренейік. Осы
планетадағылардың барлығы да, мен білетін, мен бірге жұмыс
жасайтындар артық-кем дəрежеде өзін кінəлі сезіну мен өзін-өзі жек
көруден жапа шегіп жүргендей көрінеді. Біз өзімізді қаншалықты жек
көрсек, соншалықты біздің жолымызда сəттіліктер де аз болады.
Біздің ортақ ішкі танымымыз: “Мен онша жақсы емеспін”
Біз “Бұл өмірде менің қол жеткізгендерім аз” немесе “Мен бұған
татымаймын”… дегенді жиі-жиі үстемелейміз. Сізге ұқсай ма? “Мен
онша жақсы емеспін” деп сіз жиі ойлайсыз ба, əлде айтасыз ба? Бірақ,
кім үшін? Оның қандай өлшемі бар? Сізде осы сияқты таным өте күшті
болатын болса, онда қуанышты, қамсыз, толыққанды өмірді қалай
жасайсыз? Сіздің санаңыздан тысқарыдағы танымыңыз іс-əрекетіңізді
ү
немі басқарады, сондықтан ол сіздің өміріңізде үнемі пайда болады.
Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін
кінəлау мен қорқыныш тудыратынына мен сенімдімін
Бұл сезімдер өзінің проблемасына өзгелерді кінəлайтын адамдарда
болады. Түсінесіз бе, егер біз өзіміз басымыздан өтіп жатқан жайларға
ө
зіміз 100 пайыз жауапкершілікті арқалайтын болсақ, онда кімді
сөгеміз?! Сіздің өмірде басыңыздан өткерген жайлардың бəрі - сіздің өз
ішкі ойыңыздың бейнеленуі. Мен кейбір адамдардың келеңсіз
қ
ылықтарын жақтамаймын, біз үшін маңыздысы бізге осылай қарым-
қ
атынас жасаған адамдарды біздің танымымыз өзіне тартатынын
түсіну. Егер сіз: «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе
істемейді, менімен еден сүрткісі келеді» деп ойласаңыз, бұл сіздің
ойлау қалыбыңыз. Сіздің бүкіл өміріңізде осындай адамдарды өзіне


тартып тұратын ой сізде терең сақталған, егер одан бас тартсаңыз,
ондай адамдар сіздің өміріңізде өз-өзінен жоғалады. Сіз бұдан былай
мұндай адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз.
Мен төменде тəни дəрежеде көрініс табатын осындай ойлау
қ
алыбының нəтижесін келтіремін: 1. Ұзақ уақыт бойы жинақталған
ашу-ыза, өз-өзіне көңіл толмаушылық, реніш тəнді жеп, ҚАТЕРЛІ ІСІК
(рак) ауруына айналады. 2. Басқаларды үнемі сынау ревматизм
сырқатына шалдықтырады.
Кінəлі сезіну əрқашан жазалануға алып барады, ал жазалау
қ
иналуды тудырады. Ол тудыратын қорқыныш пен тығырық асқазан
жарасы мен аяқ ауруының жəне шаштың түсуінің пайда болуына
бірден бір себепкер. Мен өз тəжірибемнен реніш пен ашу-ызадан
құ
тылу тіпті қатерлі ісікті де жоқ қылатынын білдім. Сырттай
қ
арағанда бұлай түйіндеу қарабайыр боп көрінуі мүмкін, бірақ менің
ө
зім оны көрдім жəне өз басымнан өткердім.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling