Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай
жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз
Ө
зіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз, жəне бұдан не шығады
екен, байқаңыз.
Ө
зіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді немесе «өзін
жақсы көруді» нысана ету емес. Өзін жақсы көру – демек, өз басыңның
тірлік кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға
шүкірлік ету.
Ө
зіңді жақсы көру – демек, бəрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.
Мен жақсы көруді сезінемін:
*өмір процесінің өзіне деген;
*тірі болғаныма қуанамын;
*өзім көріп тұрған сұлулыққа;
*басқа адамға деген;
*білімге деген;
*ойлау
процесіне деген;
*біздің денемізге жəне оның құрылымына;
*жануарларға, құстарға жəне барлық тірі құбылысқа деген;
*Жаратылысқа жəне оның қалай құрылуына деген.
Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз?
Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімізді байқайық:
*Біз үнемі өзімізге ұрсамыз жəне өзімізді сынаймыз;
*Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен жəне есірткімен улаймыз;
*Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз;
*Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз;
*Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз;
*Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (əйелді)
ө
зімізге тартамыз.
Қ
андай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз,
бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме
көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол
ө
зін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті.
Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ
екенін
түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: «мен бұған
сенбеймін, мен бұған сенбеймін», деп айтып бүкіл күнді өткізеді.
Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан
тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін
жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.
Do'stlaringiz bilan baham: