Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


ешқандай сылтаумен ештеңе үшін өзіңді мінеуге болмайды


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet12/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

ешқандай сылтаумен ештеңе үшін өзіңді мінеуге болмайды, содан
ө
зіңе деген махаббат басталады деймін мен. Мен өз пациенттерімнен
не үшін олар өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін
жасаймын. Олар өте семіз немесе өте арық, өте ақылды немесе өте
ақымақ, өте көріксіз (бұны өте əдемілері айтады) немесе өте əдемі.
Аңғарсаңыз - əрқашан «өте». Ақырында, істің анығына жетеміз: «Мен
соншалықты жақсы емеспін». Ура! Міне, біз нағыз проблемаға жетеміз.
Олар өздерін сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге сенуге
ү
йренген. Біз бүкіл энергиямызды бір проблеманы шешуге
жұмсауымыз керек: махаббат жетімсіздігі жəне өзіңе құрмет!
Ой тазалығы
Енді өткенге қайырылып қарайық, біз неге сенеміз. Кейбір жандарға
ө
ткеннің əсерінен арылу өте қиынға түседі. Сіз өз пəтеріңізді
жинаудасыз делік. Ондағы кейбір заттарға сүйіспеншілікпен қарап,
одан сайын əдемілеу үшін оның шаңын сүртесіз. Басқа заттар жөндеуді
қ
ажет етеді. Бұл фактіні сіз ойыңызға түйіп қоясыз. Сіздің пəтеріңіздегі
кейбір заттардың ескіргені соншалық, олардан тезірек құтылу керек.
Ескі журналдар мен газеттерді, керек емес кітаптарды сіз лақтырасыз.
Жəне бұған бола ренжудің жəне ашуланудың жөні жоқ.
Біз ойымызды тазартқан кезде де дəл солай болады. Кейбір
танымдарымыз ескіріп, бізге олардан құтылу керек болса, оған
бола ренжуге болмайды. Олар біздің өмірімізде өтіп кеткен. Біз
ө
зімізге бүгін түстік жасау үшін кешегі жуындыны қопармаймыз ғой.


Болашақ өмірді жасау үшін ой жуындысын қопарудың да қажеті жоқ.
Біздің кейбір шектеулі танымдарымызды қарап көрелік: шектеулі
таным: «Мен онша жақсы емеспін». Оның түбірі, əкесінің өз сəбиіне
ү
немі сен ақымақсың деп айтуында жатыр.
Шектеулі таным: «Мен өзімді онша жақсы көрмеймін». Оның негізі
мынада: қызы əкесіне ұнаған нəрсені жасауға тырысқан. Олар
ешнəрсеге келіспей, үнемі ұрсыса береді. Қыз əкесінің қолдауын күтті,
бірақ оның орнына қатал сынға ұшырып отырды. Қыз əкесінің жанын
ауыртқан оның реніштері екенін түсінген жоқ, сол сияқты əкесіндегі
реніштер де оның өзінің жанын ауыртты.
Шектеулі таным: «Өмір қауіпті». Оның шығу негізі: үрейлі əке…
Менің басқа бір əйел клиентіме өмір қатал да қиын болып көрінді. Оған
күлу қиынға түсті, кейде бұлай істесе осыдан кейін жаман бір нəрсе
болардай қорқыныш пайда болды. Оны: «Күлме, егер күлсең одан
ешқашан жақсы болмайды»,- деп қайталай отырып тəрбиелеген екен.
Жаттығу
Бір парақ қағазды алыңыз да сіз туралы ата-анаңыз айтқан
келеңсіздіктердің тізімін жасаңыз. Қаз-қалпында еске түсіру үшін ең аз
дегенде жарты сағат керек. Олар ақша туралы не айтты? Олар сіздің
денеңіз туралы не айтты? Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен
махаббат туралы ше? Сіздің қабілетіңіз туралы ше? Егер қолыңыздан
келсе тізімге əділдікпен қараңыз жəне өзіңізге: «Маған бұл ойлар
қ
айдан келген» деп айтыңыз. Таза парақ алайық та, одан əрі аздап
жүрейік. Тағы кімнен сіз үнемі теріс пікір естідіңіз?
- Туыстардан;
- Мұғалімдерден;
- Достардан;
- Билікке иелік етушілерден.
Бəрін жазыңыз. Бұның бəрін жазған кезде, байқаңыз, сіз өзіңізді
қ
алай сезінесіз. Сіздің қолыңызбен жазылған екі парақ қағаз – бұл сіз

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling