Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Кішкентай балалардың мінсіздігі


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet11/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Кішкентай балалардың мінсіздігі
Сəби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға
мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі.
Жəне де біледі, олар – Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны
сұраудан қорықпайды. Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сəби
ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бəрінің білетінін сіз білесіз.
Сондай-ақ сіз сəби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға
бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар
махаббаттың жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махаббатсыз өмір
сүруді үйренеміз. Сондай-ақ балалар денесінің əрбір бөлшегін жақсы
көреді, тіпті өзінің қалдығын да.
Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға
ү
йреніп алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер
біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадыңыздар.
Айна алдындағы жаттығу
Мен пациентімнен айнаны алып, өз көзіне қарауды, жəне есімін
атап, «Мен сені жақсы көремін жəне сен қандай болсаң да сол күйіңде
қ
абылдаймын»,-деп айтуды өтінемін. Бұл кейбіреулер үшін мүмкін
емес! Адамдардың қалай əртүрлі қарайтынын мен көріп отырамын –
кейбіреулері жылай бастайды, екіншісі ашуланады, ал үшіншісі
ешқашан бұлай істей алмайтынын мəлімдейді: менің бір пациентім
айнаны маған лақтырып, қашып кетті. Оған айналып келгенде
жағымсыз эмоцияға берілмей өзін айнадан көру үшін бірнеше ай қажет
болды.
Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз
проблема болып шығуы сирек кездеседі
Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық
салмақпен күреседі, бірақ бəрібір семіз күйінде қалады. Сонда олар
ө
мірлеріндегі барлық проблема – олардың толықтығынан деп айта
бастайды. Артық салмақ – тереңірек ішкі проблеманың сыртқы
көрінісі. Менің пікірімше, - бұл əрқашан да қорқыныш пен қорғанысқа


деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген
кезде біз соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің
ағзамызда қорғаныс қызметін атқаратын майлармен қапталамыз.
Семіз болғаның үшін үнемі өзіңді тұқырту, артық желінген кесіктер
ү
шін өзіңді кінəлі сезіну – уақытты босқа өткізу. 20 жыл өткеннен
кейін де сіз семіз боласыз, өйткені сіз нағыз проблемаға тіпті де
маңайлаған жоқсыз. Сондықтан мен жеке өз басым əртүрлі
диеталардан бас тартамын. Диета көмектеспейді. Жалғыз ғана
ұ
сынысым - бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім семіз
болғандықтан өздерін жақсы көрмейміз деп айтады. Ал, мен
түсіндіремін: олар өздерін жақсы көрмегендіктен семіз.
Біз өзімізді жақсы көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да
автоматты түрде ғайып болады…
Нағыз проблема
Сонымен зиянсыз, құртақандай айнаға қарайды да, пациенттің
көңілі бұзылады. Мен масаттанып күліп: «Тамаша, енді біз нағыз
проблеманы көреміз» деймін. Мен онымен өзіңе деген махаббаттың
маңыздылығы туралы қажеттілікпен əңгімелесемін. Ешқашан,

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling