Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Бірін-бірі сүю қауіпсіз болатын əлем
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Жеке жəне жалпы бақыт үшін
Бірін-бірі сүю қауіпсіз болатын əлем
Біз планетамызды қирата да, емдей де аламыз. Əр күні планетамызға бір тамшы болса да махаббат пен емдеуші қуат жолдаңыз. Біздің санамыз қалай ойлап тұрғаны өте маңызды. Ө з еркіндігіңді сезініп, бізге ұнамайтын нəрселерді өзгерте алатындығымызға сену рахат емес пе? Маған біздің планетамыз бен уақыт емес, біздің санамыз бен нақты жағдайды қабылдауымыз ө згеріп жатқандай көрінеді. Біз Жерге тұтас бір организм ретінде қарай бастадық. Ол бізге керектің бəрін беріп тұр. Жер – үндестікте жұмыс жасайтын организм. Бірақ біздер, адамдар, осы жердегі үндестік пен тепе-теңдікті сақтауға мойнымызды бұрғымыз келмей, планетамызды жоюға барымызды салып жатырмыз. Ол біздің қараулығымыздан. Кейбіреулер Жерге қамқорлық жайлы айта бастасаң өзінің шешілмей жатқан ұсақ проблемаларынан басы қатып жатқанын айтады. “Бір адам нені өзгерте алар дейсің” дейді. Тіптен де олай емес. Қ айта бір адам енжар қараса, көптің ісі кейін кете бастайды. Ө здерін жəне планетаны емдеу Айықтыру мен емдеу екеуі екі басқа. Айықтыру үшін тым болмағанда екі кісінің əрекеті керек. Оның біреуі – сізсіз. Барлығын дəрігер жасайды деп қарап жата беруге болмайды, екі жақтап кірісіңіз. Ə леуметтік деңгейде де солай. Жеке жəне жалпы бақыт үшін Егер сіз тек өзіңізді ғана жетілдіруді ойласаңыз, үндестік болуы қ иын. Өзгелерге де тілекші болыңыз. Сіздің ішіңізде тамаша рухани қазына мен үлкен дарын жатыр. Соларды планетамыздағы қуаттарды өзгертуге пайдаланыңыз. Сөз соңы Мен сіздермен белгілі ұстаз Эмметт Фокстың мына сөздерімен бөліскім келеді: “Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ. Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ. Махаббат жарып ө тпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнə жоқ. Жамандық біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да, махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді. Егер сіз өзіңізді сүйе алсаңыз, онда жер бетіндегі ең бақытты, ең күшті адам болғаныңыз”. Сіз мұның рас екенін білесіз. Бұл – ақиқат сөзі. Сіз бақытты жəне өте құ діретті бола алатын сонау бастау нүктесін қалай ғана тапсақ екен? Менің ойымша сіздің өз кеңістігіңізге саяхатыңыз басталды. Біз өз ішімізде жасырынып жатқан сол бір Күшті санамызбен сезінуді бастадық. Біз ылғи да жайсыз жəне қобалжумен өмір сүрсек, оны ешуақытта иелене алмаймыз. Өзімізді-өзіміз қаншалықты терең тани бастасақ, Əлемнің қуатының бізге қолдауын соншалықты тезірек сезінеміз. Біз қиялға келмеген жетістіктерге жетуге қабілеттіміз. Тағы да бір рет кеудеңізді кере дем алыңыз. Жүрегіңіздің еркінірек соғуына мүмкіндік жасаңыз. Өзіңізді тани бастасаңыз – кедергілер бірінен соң бірі қирай бастайды. Бүгін сіздің бақытқа жету жəне Ішкі Күшіңізді сезіну саяхатындағы бірінші күніңіз болсын. Мен сіздерді сүйемін. Луиза Хей Оглавление Сөз басы, немесе менің өмір тарихым I тарау. Өз өміріңді сауықтыр ІІ тарау. Өз тəніңді емде ІІІ тарау. Күш - ішімізде Сөз соңы Document Outline
Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling