Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Шексіз мүмкіндіктер
Біздің əрбіріміз Əлеммен жəне өмірмен үздіксіз байланыстамыз. Өз ішіміздегі күш біздің санамыздың көкжиегін кеңітеді. Мына сөздер маған өте ұнайды: ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР. «Бұл іс қ олымнан келмейді», «Мен əлі жаспын», «Оған ақша қайда» деген сөздер адамның мүмкіндігін тежейді. Пайым мен пікірдің айырмашылығы бар. Пікір – сіздің бұл мəселеге қ алай қарайтындығыңыз. «Мен ақ көйлек емес көк көйлекті ұ натамын» десеңіз, ол – пікір. Ал сіз ақ көйлек киген біреу туралы сөз айтсаңыз, ол – пайымдау. Сын айтқанда, ол бағытталған адамға немесе сіздің өзіңізге зиян тигізетіні есте болсын. Біреуді ренжітсеңіз – кешірім сұраңыз да, қайтып ренжітпеңіз. Ө зіңізді айыптай берсеңіз өзіңізді ішкі даналығыңыздай ажырататын қ орған соғасыз. Айып сезімінің сізді басқарып кетуіне мүмкіндік бермеңіз, олай етсеңіз ол сіздің өміріңізге енетін барлық жақсы жəне сүйкімді нəрселерді сізге жібермей қояды. Ə рбір проблемаңызға өзіңізді жетілдіру мүмкіндігі ретінде қараңыз. Біздің мақсатымыз өз санамыздың шекарасын кеңіту, ескі ү йреншікті қалыпты тастап алға қарай жаңа, сыналмаған жолды бастау. Біздің санамыз бұл əлемде ғажайыптарды жасай алады. Шексіз мүмкіндіктер – біздің планетамызда жəне одан тыс жерде қ ызмет етіп жатқан барлық күштердің бірлігі. Біз өз миымыздың 10 пайызын ғана пайдаланады екенбіз. Қалған бөлігі бос жатыр, соны пайдалануға өзімізге-өзіміз əсер етпейміз. Ө йтпейтініміз - өз күшімізге сенбейміз. Өйткені жас кезімізде біздердің əрбірімізде болған телепатия мен телекинез секілді ерекше қ абілеттерімізді ата-аналарымыз бен өзге де тыйым салушылар жоғалтып жіберген. Менімен бірге: «МЕН ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР ƏЛЕМІНДЕ ӨМІР СҮРІП КЕЛЕМІН. МЕНДЕ БƏРІ ЖАҚСЫ» деп қайталаңыз. Осы сөздер жөнінде бір сəт ойланыңыз. БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ. Бір жері ғана емес, аз ғ ана емес, БƏРІ ЖАҚСЫ. Осылай болатынына сеніп сіз жауаптар мен шешімдердің өз өміріңізге енуіне жəрдемдесесіз. Мүмкіндіктер шексіз. Ал біз оны пайдалана білеміз бе, ол біздің жеке ісіміз. Біз я «төрт қабырға» арасында қалып қоямыз, я болмаса бостандыққа суырылып шығамыз жəне өмір ұсынған жаңа тəжірибеден рахат аламыз. Өзіңізге шыншыл қарауға тырысыңыз. Ішіңізде болып жатқан процестерді, өз сезінуіңізді, əсеріңізді, нанымыңызды бақылаңыз. Түсінік беру мен қатты пікірлерден қ ашыңыз. Осылай ете алғаныңызда сіз ө зіңіздің шексіз мүмкіндіктеріңізді пайдалана бастайсыз. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling