Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
Ө
зіңе адал болу Адалдық - біз өте көп пайдаланатын, бірақ шын мағынасын терең түсіне алмаған сөзіміз. Адалдықтың мораль мен күйрек тақуалықпен ортақ ештеңесі жоқ. Адал болу, соның жолында түрмеге түсу емес. Адалдық өзіңе-өзің махаббатпен қарай білу. Адалдықтың негізгі қасиеті – біз өзіміз қанша берсек, сонша қайтып ала алатындығымызда. Себеп пен салдар заңы барлық деңгейде жұмыс істейді. Егер біз біреуді қорласақ немесе айыптасақ, онда өзіміз де айыптымыз жəне қорғанамыз. Егер біз ұдайы ашуланып жүрсек, онда адамдардың өзімізге деген ашуын туғызамыз. Өзіңе деген махаббат пен Əлемге деген махаббат камертон қағидасымен жұмыс істейді. Бір офиске барғанда қаламсаптарды алып кететін адамдар бар. Ү лкен əмбебап дүкендерден аз-аздап зат ұрлап жүретіндер болады. Олар дүкен бұдан кедей болып қалмайды деп өздерін ақтағысы келеді. Бұлай ақталуда ешбір мағына жоқ. Біз бір нəрсені рұқсатсыз алсақ – бір нəрсемізді жоғалтамыз. Егер берсек – аламыз. Басқаша болмайды. Егер сіз ұдайы бір нəрсеңізді жоғалтып жүретін болсаңыз немесе ө мірде жағдайыңыз қалпынан шыға берсе ойланыңыз – сіз қалай алып жүрсіз? Біреудің бір нəрсесін ала қоймағаныңызбен, мүмкін біреулердің уақытын ұрлап немесе оның абыройына тиіп жүрген боларсыз. Біз адамдарды айыпты сезінуге зорлаған əрбір сəтте, біз ө зіміздің дұрыстығымызға, өз күшімізге күмəн келтіріп тұрмыз. Бұл ө зімізді-өзіміз ұдайы тексеріп тұруымызды жəне өзімізді өзіміз танудың биік деңгейін талап етеді. Біз біреуден бір нəрсені рұқсатсыз алғанда, оны өз еңбегімізбен ала алуға лайық емес екенімізді жəне бізден де солай алып кетуге келісім беріп тұрғанымызды дəлелдеп, Əлемге жария етіп тұрмыз. Алып кете салуға болатын нəрсені ала салсақ, біз өзімізді ешбір нəрсе өтпейтін қ абырғамен қоршағанымыз, одан шаттық пен махаббаттың сəулесі өте алмайды. Біз өзімізге сый қабылдауға жəне жайлылықта өмір сүруге тыйым салдық. Ой-сананың мұндай стереотипі – біздің Жердегі өміріміздің ақиқаты емес. Біз тамашамыз жəне ең жақсы нəрселерге лайықпыз. Біздің планетамызда бəрі де жетерлік. Біз саналы түрде сұраған нəрселердің бəрін алуға лайықпыз. Біздің санамыз біздің сөздеріміздің, ойларымыздың жəне əрекеттеріміздің мінезін анық айқындайды. Біздің ойымыз біздегі нақты жағдайды құрайтынын анық түсінгенде, біз өз ойларымызды өзгерту үшін осы нақты жағдайымызды бақылай бастаймыз. Егер біз барынша адал боламыз деп шешсек, онда өзімізге деген махаббатты таңдаймыз. Адалдық бізге өмірдегі жағдайлардың ең күрделілерін де жеңіл жеңуге жəрдем береді. Егер сіз дүкенге барып сауда жасағанда бір заттың бағасы қосылмай қ алса, кассирге айтып төлеп кетіңіз. Егер оны үйге келген соң ғана байқасаңыз əңгіме басқа. Бұл енді адалдықтың емес саналылықтың мəселесі. Егер адал болмау сізге бірталай қолайсыздықтар əкелсе, сізге махаббат пен адалдық қандай тамаша өмір сыйлайтынын ойлаңыз. Сіздің өміріңіздегі жақсы нəрселердің бəрі – сіздің күш салуыңыздың нəтижесі. Келіңіз, өз ішімізде сүйе білетін, адал көзқарас қ алыптастырайық жəне ө зіміздің қ олымыздан келетін мүмкіншіліктеріміз туралы жаңа да таңданарлық фактілерді ашайық. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling