Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Балалар біздің істерімізден үйренеді


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet60/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Балалар біздің істерімізден үйренеді
Балалар ешқашан біз айтқандай етіп істемейді, бірақ олар біздің
жасағанымызды айнытпай жасайды. Сондықтан ақыл үйреткеннен
гөрі өзіңіз үлгі болыңыз.
Ажырасу
Егер əке мен шеше ажырасса, онда отбасы мүшелерінің бірін-бірі
қ
олдауы аса маңызды. Егер ажырасып жатқан əке мен шеше бірін бірі
жамандап жатса, бала адасады. Ата-аналар балаларға өздерінің бұл
тірліктерінің оларға еш қатысы жоқ екенін түсіндіруі керек.
Ешуақытта балаларға ажырасу себебіне біз кінəлі болармыз деген ой
келмейтіндей болсын.
Жақсы қартаю
Біздің көбіміз кəріліктен қорқамыз. Біз кəрі болып көрінгіміз
келмейді. Біз қартаю процесін құбыжық секілді көреміз. Дегенмен,
кəрілік өмір циклының табиғи жəне ажырамас бір бөлігі.
Мəселен сіз қартаймадыңыз делік. Өмірден кеткенде жап-жас күйі
кеткен қалай? Қартайған сəтте өзіңді сүю жас кезде сүйгеннен де бетер
керегірек. Өйткені бізге өмірдің барлық сатыларынан өту бұйырған.
Адамдар, əсіресе əйелдер, кəрілік жайлы ойлағанда көбірек
қ
обалжып, қорқынышқа түседі. Қартая бастағанда бетіндегі жаңа
ə
жімдерді жек көріп, таңертеңгілік байқалған ақ шаштарды жұлып
ə
лектенеді. Жас келе жаңа кеселдер пайда болады. Осылардың бəрін
бір төбеге үйіп уайымға түсудің не қажеті бар. Мен мəселен, қартайған
адам аурудан өледі дегенге сенбеймін.
Шындығында, біз өзгеше өлуге тиіспіз деп ойлаймын. Белгілі бір
мерзімге келгенде біздердің барлық істеріміз аяғына келеді, сол кезде
біз басқа дүниеге көшуге əзірленеміз. Ол үшін өлімші жағдайда кеселді
болу керексіз. Біз қартайғанда өзімізді тың сезінгеніміз жақсы емес пе?
Сан-Франсисконың
бір
медициналық
мекемесінде
адам
организмінің қартаюы гендерге байланысты емес, ми қабаттарының
бірінде жататын «биологиялық сағаттың» көлеміне байланысты екені
дəлелденіпті.
Ол
«сағат»
біздің
қ
артаю
процесіне
қ
алай
қ
арайтынымызға байланысты екен.
Мəселен, сіз 35 жас – орта жас, одан əрі қарай кəрілік басталады деп
ойласаңыз, солай бола кетеді. Сондықтан, мен 90-ға келгенде қандай
ə
сем қария боламын деп ойлаңыз.
Не ексең, соны орасың. Қария кісілерге қандай қарым-қатынас


жасасаңыз сізге де солай болады. Өзін жақсы көретін ата-аналар
балаларына да осыны үйретеді. Біз өзімізді сүю өнерін қаншалықты
меңгерсек, біздің балаларымыз да осыны үлгі етіп алады.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling