Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Біз барлығымыз да қателіктерге жол береміз


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet57/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Біз барлығымыз да қателіктерге жол береміз
Сабақ алу кезіндегі қателік – қалыпты жағдай. Біздің көңіл
түкпірімізде барлығы да айна-қатесіз болса екен деген бір жарамсыз
ой жатады. Біз жаңадан келіп тұрғанды сезіне алмай қаламыз.
Бір нəрсені біліп алу үшін уақыт керек. Сіз бір нəрсе жасағыңыз
келсе, бəрі бірдей ойдағыдай бола бермейді. Мынадай бір жаттығу бар:
екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, қайсы бас бармағыңыз
жоғары жақта қалғанын байқаңыз. Сөйтіңіз де, екінші рет
айқастырғанда, басқа бас бармағыңызды жоғары қойыңыз да, біраз
ұ
стап тұрыңыз. Бірінші рет жасағанда, сізде бір қолайсыздық болады.
Ал, бірнеше рет жасап, қолдарыңызды айқастырған күйі бірер сəт
тоқтап қараңызшы. Ештеңе өзгерді ме? Өзгермеген сияқты. Сіз үйрене
бастадыңыз. Қолдарды екі түрлі айқастыруға болатынын сіз енді біле
бастайсыз.
Біз жаңа бір тəсілді игере бастағанымызда да солай болады. Бас
жағында оны онша жақтыра қоймаймыз, өйткені ол біздің қалыпты
жағдайымызды өзгертіп, қолайсыздық əкеліп тұр. Дегенмен, оған
кішкене үйрене бастағанда бізге ол кəдімгідей жəне табиғи болып
көріне бастайды. Біз өзімізді де бір күнде бүкіл жан-жүрегімізбен сүйе
алмаймыз, бірақ күн санап жақсы көре түсеміз. Егер біз күніге өзімізге
махаббат сыйлай берсек, екі-үш айда біз анағұрлым ілгерілеп қаламыз.
Сонымен, біз қателіктерден мақсатқа жету жолында ілгері
жылжуды үйренеміз. Сондықтан да оған ілтипатпен жəне құрметпен
қ
арау керек. Қателіктер үшін өзіңді жазалау қажетсіз. Əрбір қателікті


жеңіске жеткізер өмір тəжірибесі ретінде қабылдау керек.
Көптен
бері
ө
зін
жетілдірумен
айналысып
жүргендердің
кейбіреулері, неге осы кезге дейін өз мəселелеріміз шешілмеді деп
таңырқайды. Біз білімімізді, оған ешбір қарсылық білдірместен, одан
не пайда бар деп сынамастан, ылғи да толықтырып отыруымыз керек.
Жаңа тəсілдерді үйрену барысында өзіңізге барынша сергек жəне
жұмсақ болыңыз. Бау-бақшадағы арамшөпті де дер кезінде жұлып
тастау жеңіл емес пе?
4. Біз ӨЗ САНАМЫЗҒА МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ керек. Теріс
ойлар үшін өзімізді-өзіміз жек көруді қоялық. Одан да, біздің
ойларымызға “бүлдіруден” гөрі “жасампаздық” тəн деп ойлайық.
Қ
олайсыз жағдаяттар бола қалғанда өзімізді айыптамайық. Өйткені
біз осындай өмір тəжірибелерінен үлгі аламыз ғой. Өзіңе мейірімді
болу аса маңызды.
Босаңсуды да үйреніп алу керек. Сіз қорқып немесе тартынып
тұрғанда, сізден қуат кете бастайды. Өз тəнің мен миды босаңсыту
ү
шін бірнеше минут қана кетеді. Көзді жұмып, терең демалыңыз. Дем
шығарар алдында "Мен сені сүйемін. Барлығы тамаша" деңіз. Сонда
ө
зіңізді қаншалықты жайлы сезініп келе жатқаныңызды байқайсыз.
Осылайша сіз өзіңізге жайсыз жəне қорқып өмір сүрудің ешқандай
қ
ажеттігі жоқ екенін хабарлайсыз.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling