Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Артық салмақ пен тамақты көп жеу


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet53/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Артық салмақ пен тамақты көп жеу
Артық салмағы бар адамдар көп. Олар екі-үш айлап диетаға
отырады да, ақыры шыдай алмай тамаққа бас қояды. Сөйтеді де,
режимді сақтай алмағандары үшін өздерін айыпты санайды.
Қ
олымнан келгенінің бəрін жасадым ғой деп ойлаудың орнына өзіне
ыза болады. Ал айыпты болу сезімі жазалайтын болғандықтан, олар
ішкен тамағына мəн беруді қойып, адам организмі үшін өте зиян
тамақтарды талғамай жей береді. Егер олар өзі режим сақтаған екі
немесе үш апта ішінде тамақтанудың дұрыс режимін сақтағанына
сеніп, өзін-өзі айыптауды қойғанда, орныққан тəртіптер бұзыла
бастаған болар еді.
Салмақтың артуы организмнің өзін-өзі қорғау əрекетін көрсетеді.
Қ
орыққанда немесе қобалжығанда сіздің тəніңіз май қабаттарын
молайту арқылы сізді қоршап тұрған ортадан қорғағысы келеді.
Салмақ - ішкен тамақтың көлеміне байланысты емес. Егер сіз артық
салмақтан құтылғыңыз келсе, оны ұмытыңыз да: “Мен – қауіпті
жағдайдамын. Мен қорғауды қажет етемін” деп ойлаңыз.
Сезім – біздің ішкі барометріміз
Егер біз жайсыз отбасында өссек, онда қайткен күнде де даулы
жағдайлардан қашуға тырысамыз. Соның нəтижесінде біз сезімді
толықтай түйсінуден бас тартамыз. Əдетте, біздерді де түсінулері
мүмкін-ау дегенге сенбейміз, сондықтан ешкімнен жəрдем сұрап
жатпаймыз. Бізді өз мəселеңді өзің шеше алатындай мықты болуға
тиіссің деп үйреткен. Мұндай тəсілдің кемшілігі – біз өз
сезімдерімізбен байланысқа түсу əрекетінде ылғи да жеңіліске
ұ
шыраймыз. Сезім деген адамның өзімен, өзге адамдармен, барлық
қ
оршап тұрған əлеммен қарым-қатынас құрудағы ең маңызды звено.
Сезім біздерге ненің жақсы, ненің жаман екенін білдіріп тұрады. Оны
тұншықтыру түрлі уайымдар мен кеселдерді көбейтеді. Сіз нені сезіне
алсаңыз, соны емдеп жаза аласыз. Егер сіз өз ішіңізде не болып
жатқанын сезіне алмасаңыз, онда сіз ешуақытта айығу процесін неден
бастау керектігін білмейсіз.
Бір жағынан, біздердің көбіміз өмірде ылғи айып сезімін,
қ
ызғанышты, қорқыныш пен мұңды сезінеміз. Осы сезімдерді өзімізде
сақтай берсек, біз жағдайды нашарлата береміз. Біз өзімізді құрбандық


ретінде сезінуді қойған кезде ғана күшіміз қалпына келеді.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling