Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Стресс – қорқыныш синонимі


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet69/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Стресс – қорқыныш синонимі
Менің түсінігімде “стресс” - өмірде ұдайы болып жатқан,
қ
орқыныштан туған өзгерістерге қарсылық. Ол - өз сезімдеріміз үшін
жауапкершіліктен соның жəрдемімен қашуға болатын ақталу.
Қ
ысқасы, стресс – қорқыныштың туған інісі. Екеуінің атқаратын
қ
ызметі бір.
Стресс жағдайында тұрғаныңызды сезген сəтте: “Мені қорқытып
тұрған не? Мен өзіме неге осынша жүк арттым? Неге мен күштерімді
орынсыз жұмсап жатырмын?” деп ойлаңыз.
Стресс – сіздің өз ішіңізде жəне бүкіл əлеммен үндестікте
болмауыңыз, ол – жанның тепе-теңдігінің бұзылуы. Бір мезетте
тыныштықта жəне стресс жағдайында болу мүмкін емес. Егер сіз
қ
орқыныш сезіне қалсаңыз, одан тез арылуға тырысыңыз. Стресс –


барлық үміттердің күйреуі емес. Ешкімде де сізді жеңетіндей
жеткілікті күш жоқ.
Сіз қашан да қауіпсіз жағдайдасыз
Ө
мір ұдайы ашылып-жабылып тұрған есіктер тізбегі. Сіз бір
бөлмеден бір бөлмеге өте жүріп, түрлі уайым сезінесіз. Біздің көбіміз
ой-сана мен мінездің, кедергілердің, бұдан былай ешқандай
құ
ндылығы қалмаған жəне пайдасы жоқ өткен жылдар оқиғаларының
теріс стереотиптеріне алып баратын есікті жауып тастағымыз келеді.
Жəне де керемет жақсы əсер алатын жаңа есіктерді ашқымыз келеді.
Біз ұдайы өзімізге толық қауіпсіз жағдайда екенімізді ескерте
жүруге тиіспіз. Барлығы өзгеретіні хақ. Сол өзгерістер барысында өз
“меніңізге” сеніңіз. Оған сізді рухани өсу жолында ең қолайлы болатын
жаққа қарай ертуге жəне бағыттауға мүмкіндік беріңіз. Джозеф
Кэмбелл айтады: “Рахаттың соңынан қалмаңыз”.
Сіз біреуді зорлап өзгерте алмайсыз. Бірақ сіз ойша өзіңізді қоршап
тұрғандарға олар өз еркімен өзгере алатындай атмосфера туғыза
аласыз. Бірақ олар соны қалайтын болса ғана.
Ө
з туыстарыңызды сүйіңіз. Оларға өз қалпында болуға мүмкіндік
беріңіз. Олардың іштерінде ақиқат тұр, олар өздері қалаған сəтте
ө
згеруге мүмкіндіктері бар.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling