Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Ө зіңіздің шығармашылық бастауыңызды таныту


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet66/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Ө
зіңіздің шығармашылық бастауыңызды таныту
Ө
зіміздің ішкі көзімізді ашып, біздер өз көзқарастарымызды
кеңітеміз.
«Өміріңнің басты мақсаты не?» деп менен біреулер сұрар болса, мен
«жұмыс» деп жауап берер едім. Өз жұмысын жек көретін адамдар оны
орындаудан бас тартуы тиіс, басқа жұмысқа ауыссын.
Біздің көбіміз лайықты өмір сүру үшін жұмысқа барымызды
салуымыз керек деп санаймыз. Ол тек қана сіз сүйікті іспен
айналысқан кезде ғана дұрыс.
Мен адамдарға жəрдем қолын жиі созамын. Егер олар менің
жəрдемімнің нəтижесінде бір нəрсе үйренгісі келсе құба-құп, егер олар
мені өзінің деңгейіне қарай тарта бастаса, мен олармен тез
қ
оштасамын.
Жұмыс – ақша табудың бірден-бір көзі емес. Ақша – сіздің
жұмысыңыздың мақсаты емес. Ол сізге өзге жолдармен я тəсілдермен
де келуі мүмкін.
Жұмыстағы қарым-қатынас отбасындағы қарым-қатынасқа ұқсас.
Біреулер «менің жұмысым жақсы, бірақ ол жердегі кейбір
жексұрындармен істес болғым келмейді» дейді. Оның орнында мен
«мен соншалықты тамаша жерде қызмет етіп жүрмін» дер едім. Осы
философияны ұстанғанда маған ұнамайтын қызметтестерім өзгерер
еді.
Ə
рбір адамнан бір жақсы қасиет табуға болады. Сондықтан оның
жақсы жақтарына көңіл аударыңыз, сонда ол бұрынғыдан жақсырақ
бола түседі. Нашар мінез осылай ғана жөнделеді. Сізге жарамсыз


сөздер айтып, жолдан тайдырғысы келетіндер де кездеседі. Оған көңіл
бөлмеңіз. Сіз өзіңіздің ол жағдайға деген теріс көңіл-күйіңізден
құ
тылыңыз, сонда бəрі де қалпына келеді.
Біреумен өзіңізді салыстыру я күндестік байқату өркөкіректікті
туындатады. Барлығы өзгерісте. Бүгінгі жетістік ертеңге төмен
саналуы мүмкін. Сондықтан өсу жолында, əсіресе рухани өсуде іштей
ө
суді ұдайы жалғастырып, ішкі дауысқа құлақ қойған жөн, ол нақ осы
жағдайда қалай жасау керектігіне кеңес береді.
Бизнес саласында жетекшілік ететін адамдар өзінің Құдайлық
Санасымен ұдайы байланыста болуы тиіс. Қызметтегі əріптестерге
ашық болып, оларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берген жөн. Əрбір
қ
ызметкер өзін шығармашыл азамат ретінде танысын. Сонда
компанияның ісі ілгері басады, ұжым тұрақталады. Өйткені адамдар
жұмысқа тек айлық алу үшін ғана келмейді.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling