Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet21/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)

Күнделікті еңбек
Мен күнді əдетте былай өткіземін: таңертең оянып, көзімді ашар


алдында қолымдағы барыма ризашылығымды білдіремін. Суға
шайынып алғаннан кейін медитация жасап, жарты сағаттай Құдайға
құ
лшылық етемін. Сосын таңертеңгілік гимнастика (15 минут). Кейде
мен гимнастиканы сағат алтыдағы таңғы бағдарламамен бірге
жасаймын. Менің таңғы асым жемістер мен шөптен жасалған шайдан
тұрады. Маған тағам бергені үшін мен тағы да Жер-Анаға алғыс
айтамын. Ланчтың алдында айнаға барып, жаттығу жасаймын; мына
сөздерді дауыстап айтамын немесе өлеңдетемін:
Луиза, сен кереметсің, мен сені жақсы көремін;
Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күн;
Сенің білгің келген нəрсенің бəрі саған өзі келеді;
Барлығы тамаша.
Ə
детте, мен ланчта үлкен салат жеймін. Жəне асыма шүкірлік
етемін. Күндіз мақсаттар жазылған таспаны тыңдаймын. Кешкі асқа
буланған көкөністер мен каша жеймін. Кейде тауық не балық жеймін.
Менің денеме бəрінен де қарапайым тағамдар тиімді. Кешке мен
оқимын немесе жұмыс жасаймын. Ұйықтауға жатып, өткен күнді ойша
шолып өтемін де оған алғыс білдіремін. Мен тамаша ұйықтаймын жəне
таңертең керемет күн үшін тұрамын деп айтамын. Ерсілеу естіледі, рас
емес пе?
Ал сіз өз күніңізді қалай бастайсыз? Таңертең сіз тұрған кезде сіз не
айтасыз, я ойлайсыз? Таңертең оянып: «Құдайым-ай тағы да ояну
керек. Басқа күн» деп ойлаған уақыттар да есімде. Жəне қалай
елестетсем тура солай алдымнан шығатын. Бірінен кейін бірі қаптаған
кесапаттар. Қазір көзімді ашар алдында жақсы түсім үшін жəне менің
ө
мірімдегі барлық жақсылықтар үшін алғысымды айтамын.
Жұмыс туралы
Таңдаған карьерамызға көңіліміз толмағанда кейбіреулеріміз үнемі
былай ойлаймыз:
Мен жұмысыма шыдамаймын;
Мен жұмысымды жек көремін;
Мен жеткілікті ақша таппаймын;
Мені жұмыста бағаламайды;
Мен не істерімді білмеймін.
Бұл сізге көп зиян əкелетін теріс ойлар. Егер осылай үнемі ойлай


беретін болсаңыз сіз қалай жақсы жұмыс таппақшысыз?
Бұл проблемаға сол жағынан келу деп аталады. Егер сізде қазір
ə
йтеуір бір себеппен ұнамайтын жұмыс, қызмет болатын болса былай
істеу керек: Қазіргі қызметіңізге рақмет айтудан бастаңыз. Бұл сіздің
жолыңыздағы қажетті кезең. Сіз қазір өзіңіздің өмірлік танымдарыңыз
жетелеп əкелген жерде тұрсыз. Сондықтан да жұмысыңыздағы барлық
нəрселерге: сіз жұмыс істейтін ғимаратқа, лифтіге, бөлмеге, жиһаздар
мен құрал-жабдықтарға, араласатын адамдарыңызға рақмет айтудан
бастаңыз. Егер сіз бұл жұмыстан кеткіңіз келсе, онда бұл жұмыстан игі
ниетпен кететініңізді жəне оны осы жұмыста өзін бақытты сезінетін
адамға беретініңізді үнемі өзіңізге айтып жүріңіз. Шындығында да
көптеген адамдардың сіздің жұмыстағы иеленген орныңызға
ұ
мтылатынын сіз білуіңіз керек.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling