Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet194/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
Алдымен студентті оқуға талпындыру үшін білім алуына қолайлы жағдай жасау. 
Студенттердің оқуға деген мотивациясының жоғарлауына топтағы көңіл күйдің жақсы 
болуы көп әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Біз әр студентке сабақ беру барысында жеке 
тұлға ретінде қарап оның ойын, пікірін ескеріп сабақ өткізсек бала да өзінің білім алуға 
деген көзқарасын өзгертері сөзсіз. 
Оқытушы алдын ала сабақтағы өзінің рөлін нақты белгілеп алу керек. Ол 
дегеніміз студенттерді өз білімінің шекарасын анықтауға үйрету, студенттермен 
сабақтағы өзекті сұрақтар көтеріп сол сұрақтардың шешу жолдарын талқылау, 
студенттерге өзін-өзі бағалауды және бақылауды сеніп тапсыру. Осындай жолмен білім 
беру арқылы студент өзін жеке тұлға ретінде сезініп алдына мақсат қойып білім алуға 
және өзекті сұрақтарды шешуге өзінше талпынады, ұжымдық жұмыс істеуге үйренеді. 
Өзгенің пікірін тыңдап және өзінің пікірінің маңызды екенін түсінеді. Осындай 
жағдайлар студенттің оқуға деген мотивациясының жоғарлауына себеп болады.
Білім беру үдерісінің психологияландыру: оқытушылар, студенттер, ата-
аналардың психологиялық мәдениетін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін сіздерге 
бірнеше психотерапия әдістерімен таныстырып өтейін: 
1.Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол 
жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір 
оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
2.Оқытушы алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, 
меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді. 
3.Сабақта қолданған әр жаңа инновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру барысында тың 
жаңалық әкеліп студенттер бойына қызығушылық пен құлшыныстың әкелетіні рас.
4.Студентті білім алуда өз алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету үшін не істеу 
керек екенін, қандай жолдары бар екенін түсіндіру керек.
5.Студенттерге дайын күйдегі білімді бермей керісінше, олар оқу барысында 
бақылаулар, зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек.
6.Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, 
қорытындылауға үйрету.
7.Оқытушы осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады. Студенттерді 
бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана оларда креативті ойлау дағдысы дамып, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке 
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық 
тапсырмалар, педагогикалық жағдаяттар, ғылыми зерттеу жұмыстары студентің 
шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар студенттің креативті ой-санасын дамытып 
ойлануды үйретеді. Соңдықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», 
«зерттеңіз», «саластырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына 
қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді. [4, 37б.] 
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды 
мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль 
студенттердің де, оқытушылардың да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және 
оймен қабылдауын көздейді. Бірінші кезең – қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде 
студенттің тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, студенттерді 
сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту 
стратегияларының бірін қолданып, студенттерді сабаққа тарту. Екінші кезең – тұсау 
кесер. Бұл кезеңде студенттерді жаңа сабаққа дайындау мақсатында сыни тұрғыдан 
ойлау тапсырмалары көптеп жүреді. Мысалы: «бейнеролик», «қойылым» көрсету 
арқылы жаңа сабаққа көпір салынды. Сабақтың тақырыбы студенттермен бірге ашылды. 
Үшінші кезең – мағынаны ашу. Студент жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра 
түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар – болжау кестесі, ойлан, 
жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең 


179 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling