Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet207/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
- модульдік технологияны еңгізе отырып білім берудің теориялық жүйесін тәжірбиеге 
және өндіріске бағыттау және бағалау критерийі бойынша ерекшеліктерді анықтау 
болып табылады . 
Кәсіптік білім берудегі модуль-құзыреттілік көзқарасы - білім беру процесін 
ұйымдастырудың үлгісі, онда студенттің кәсіби құзыреттіліктерінің жиынтығы оқу 
мақсатына қызмет етеді және кәсіби білім берудің құрылымы мен мазмұны модульдік 
құрылысы оған қол жеткізу құралы ретінде қызмет етеді. Модульдік білім беру 
бағдарламасы - кәсіптік білім беру мазмұнын көрсететін және біліктілікті беру үшін 
қажетті белгілі кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған модульдер жиынтығынан 
тұратын құжаттар жиынтығы. 
Қолданбалы бакалавриатты енгізу және дамыту бойынша материалдарды 
зерделеу экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келетін және бітірушілердің еңбек ету 
мүмкіндігін арттыратын жалпыға танылған модельді қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. 
Белгіленген мәселенің негізгі пікірталас сұрақтары қолданбалы бакалавриат 
бағдарламаларын жобалаудың концептульдік тәсілдері мен принциптерін анықтау; 
қолданбалы бакалавриат бағдарламаларында орта кәсіптік білім және жоғары білім беру 
элементтерінің арақатынасын анықтау, сондай-ақ қолданбалы бакалавриаттың білім 
беру жүйесінің қандай секторына жатқызылуы болып табылады. 
Қолданбалы бакалавриаттың дамуына ең бірінші кедергі ол біздің елдің 
студенттері Отандық өнім шығаратын, отандық кәсіпорындардан тәжірибеден өту 
мүмкіндігінің әлсіздігі, әліде болса серіктес кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының 
бірлесіп жұмыстық оқу бағдарламаларын жасауы, Қазақстанның көптеген аймақтарында 
кәсіпорындар өңдеуші емес, өндіруші сала болып табылатындықтан жұмыспен қамтылу 
мүмкіндігі аз, тәжірибеден өту базасы толық қамтылмаған. 
Білім беру бағдарламасын жоғары оқу орындарымен немесе білім беру 
мекемелерімен, жоғары кәсіби білім беру мекемелерімен бірлесіп, орта кәсіптік білім 
беру мекемелері дербес іске асыра алады. Біздің көзқарасымызша, ЖОО қабырғасында 
қолданбалы бакалавриатты жүзеге асырған жөн. Бұл жағдайда академиялық бакалавриат 
бағдарламаларына тән кәсіби теориялық дайындық және кәсіптік орта кәсіптік білім беру 
бағдарламаларын кәсіптік практикаға бағдарланған дайындау қамтамасыз етіледі. 
Жалпы алғанда, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларының басты ерекшелігі білім 
алушыларды практикалық-бағдарлы даярлау және оның жоғары білімнен теориялық 
дайындықпен интеграциясы болып табылады. Осыған байланысты бүгінгі күн тәртібінде 
қолданбалы бакалавриаттың осындай бағдарламаларын әзірлеу мәселесі маңызды болып 
табылады. 
Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды 
дайындаудың халыкаралық тәжірибесімен салыстырып, талдау жасайтын болсақ, 
Франция елінде ҚБ бағдарламалары лицейлерде жүзеге асырылады. Орта білім 3 жыл, 
жоғарғы білім 2 жыл көлемінде оқытылады. Окыту түрі үш түрге бөлінеді: жалпы, 
технологиялық және кәсіптік. Білімді бағалау 20 балдық жүйе бойынша бағаланады. 
Австралияда ҚБ бағдарламалары академиялық бағдарламаларымен қатарлас 
университеттерде алынады. Оқыту курсы 3-4 жыл. Ұлыбританияда ҚБ өндірістегі 
мектептерде, колледждерде,оқу орталықтарында,институттарда алуға болады. 
Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын қалыптастырудың әртүрлі жолдарын 
қарастыруға болады. Қолданбалы бакалавриатты дамыту бойынша Ресей тәжірибесі 
осындай жолдардың бірі қолданбалы бакалавриаттың бірлескен бағдарламасын әзірлеу 
болып табылатынын көрсетеді. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын ЖОО 
колледжбен бірге жүзеге асырады, сонымен қатар колледж осы ЖОО-ның құрылымдық 
бөлімшесі бола алады. Алғашқы бес семестр (соның ішінде практика уақыты) студенттер 
колледж базасында орта кәсіптік білім аясында, одан кейін тағы үш семестр – жоғары 
білім аясында(соның ішінде практика) оқиды. Бұл ретте колледжде оқитын студенттерге 


192
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling