Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз...», деп атап көрсеткендей, «Рухани жаңғыру» - Ұлттық болмысымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды, дінімізді, тілімізді, бір сөзбен айтсақ ділімізді ілгері бастыру. Ата- бабаларымыздан қалған асыл мұраларымызды зерттеп- зерделеп болашаққа аманаттау. Тіліміз-діліміз. Діл - баспасөзде жиі қолданылып жүрген «менталитет» деген сөзге жақын. Дегенмен «Діл» категориясы менталитетке қарағанда логикалық шеңбері және ұғымдық ауқымы кең, ұлтымыздың тарихына, дүниетанымына, дініне, әдет- ғұрпына, мінез-құлқы мен ойын-сауықтарына байланысты құбылыстарды дәлірек аңғаруда үлкен рөл атқарады [6,34 б.],-дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек. Ділім-көңілім, жүрегім, жаным, бар болмысым, өзім, елім, жұртым, тегім деген сөздердің баламасы іспетті. Таратып айтсақ, діл - Ана тілін, дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным, ұлттық мінез-құлық, бар болмысың, ұлттық тәрбие. Тіл жоқ жерде ұлттық қасиет те жоқ. Ұлттық қасиетті - тіл, ойлау қабілеті, тәрбие, салт-дәстүр, психология құрайды. Осылар болған жерде ғана ұлттық сана қалыптасады. Ал осы айтылғандардың бірі кеміп, не әлсіресе, діл де, рух та кемиді. Кеңес үкіметі тұсында жеке адамның санасы, қоғамдық сана, қарапайым және теориялық сана, ғылыми және ғылымға қарсы сана, прогресшіл және кертартпа сана жөнінде айтылып келді де, ұлттық сана жөнінде ешкім жақ ашпады, айтқызбады. Өйткені, ұлттық сана қалыптасуы үшін ұлттық қасиет - жоғарыда айтылған тіл, салт-дәстүр, ұлттық психология, ұлттық тәрбие, қажет екенін білді. Сондықтан да бұл жайында үндемеді, үндей алмады. «Тілге байланысты сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, қоғамдық рухани жеміске айналды,-деп жазады ҚРҰҒА корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Кішібеков пен философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. Садықов [4,130 б.]. «Рухани жаңғыру» - патриотизмді дамыту. Патриотизм- гректің «patris-Отан» деген сөзінен шыққан. Отанды сүю, Отанға деген махаббат, туған жер деген ұғымды білдіреді. Өз Отанын сүйетін, ардақ тұтатын, тілін, ділін, салт-дәстүрін білетін, қадірлейтін адам- патриот. Біздің Отанымыз - қазақ елі. Қазақстанда жүз отыздан аса ұлт тұратыны белгілі. Ұлттық патриотизм - әр ұлттың өз тілін, салт-дәстүрін, ділін мейілінше сүйіп, қадірлеуі болса, жалпыұлттық патриотизм - өзі өмір сүріп отырған мемлекет халқының бірі ретінде ортақ Отанды сүю, оның көркейіп-жетілуі үшін жан аянбай қызмет ету. Жалпықазақстандық патриотизм - республикамыздың мақсат-мүддесін қолдап, ортақ Отан ретінде қадірлеп-қастерлеу, сүйіспеншілікпен қарау, қорғау. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм - Анаңды қалай сүйсең, Отаныңды да солай шексіз сүю, керек болған жағдайда ел, жер халық үшін жаныңды да қия білу. Қазіргі кездегі алда тұрған үлкен міндеттердің бірі - жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастырып, дамыта түсу. «Отан - отбасынан басталады» дейді қазақ. Әуелі өз ошағыңды, отбасыңды сыйлау, сүйе білу Отанды қадір тұтуға жетелейтіні сөзсіз. Өз ұлтын, оның салт-дәстүрін сыйламаған адам басқаларды да сүйіп жарытпайды. Отансүйгіштік қасиет отбасында қалыптасады, сондай-ақ қан арқылы да дариды, оны ұдайы қалыптастырып, шыңдап отыру қажет. Ұлттық намыс, патриотизм туралы патриот жазушы Бауыржан Момышұлы «Ұлттық намыс-ұлттың бойындағы қасиеті мен бұлжымайтын қағидасы. Өз ұлтын құрметтей білмеген, оны мақтан ете алмаған адам-сөз жоқ, тексіз, бұралқы адам. Намысты адам намысы барды қадірлейді және намысы жоқты сыйламайтыны - заңдылық. Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, өз есендігіңнің қоғамға - мемлекетіңнің қауіп-қатерден амандығына тікелей байланысы бар екенін ұғыну, өзінің 228 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling