Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet3/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Қ.М. Баймырзаевтың 
АЛҒЫ СӨЗІ 
Мемлекетіміздің ғылыми жаңашылдыққа ұмтылуына серпін берер күш – біздің 
жастарымыз. Санасы сергек, жаңа технологияларды меңгерген өскелең ұрпақ
Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосуға үлес 
қосатындығына сенімдіміз. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы 
қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 
жолдауында «Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз 
ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз» деп атап өтті. 
Сондықтан қазіргі күнде жоғары оқу орындары тек білім ордасы ғана емес, олар 
– білім мен ғылымды капитализациялаудағы негізгі локомотив ролін атқарып отыр. 
Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең 
бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет. 
Ресми деректерге сүйенер болсақ, бүгінде еліміздегі жас ғалымдар саны 60 
пайызға артты. 
Жастарымыз болашақтың кілті сапалы білім мен ғылым екенін айқын түсініп 
келеді. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелетін 
ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші – білім. Білім 
бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке де толастамайды. Көрнекті ғалым, 
академик Қаныш Сәтбаев: 
«Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана 
шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады» 
деген сөзі бүгінде өз өміршеңдігін айқын дәлелдеп келеді. 
Соңғы жылдары отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – І.Жансүгіров 
атындағы ЖМУ әлеуеті биік, жаңашыл идеялары бар еліміздегі жас ғалымдарды қолдап-
қуаттау бағытында бірқатар игілікті істерді жүзеге асырып келеді.
Баршамызға белгілі ғылым мен техникалық прогресс күн өткен сайын әлемге 
өзіндік жаңашылдығымен, инновациялық жаңа жобаларымен, заманауи технологиялық 
өзгерістерді алып келуімен ерекшеленуде. Кез келген технологиялық өзгеріс қай 
мемлекеттің болмасын экономикалық дамуында белгілі бір деңгейде серпіліс алып 
келері сөзсіз. Ал ғылыми жаңашылдыққа ілесе алмаған мемлекет экономикалық 
дамуында қандай да бір қиыншылықтарға тап болатындығын әлемдік тәжірибе жиі 
көрсетуде. Бұл орайда жастарды жақсылық пен ізгілікке, білімділік пен білгірлікке 
тәрбиелейтін педагог еңбегінің игілігі ауқымды. Заңғар қаламгеріміз Мұхтар Әуезов: 
«Ұстаздық – ұлы нәрсе» деген сөзі қай уақытта да ұстаз қызметіне берілген әділ де үздік 
баға болып қала бермек. 
Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын 
болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады. 


4
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling