Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet50/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
Бақыт көрсеткіші негізінен сезімді өлшейді, ал қанағаттанушылық - оқиғалардың 
когнитивті бағасы де көрсетеді ғалымдар өз еңбектерінде. Шетелдік психологияда 
Э.Динер және оның әріптестерінің жеке тұлғаның субъективті эмоциялық денсаулықты 
зерттеу арнасында жасаған тұжырымдамасы да кеңінен мойындалған [3, 67б.]. Осы 
тұжырымдамаға 
сәйкес 
өмірмен 
қанағаттанушылық 
ретінде 
аффективті 
компоненттермен араласпайтын субъективті эмоциялық денсаулықтың когнитивті 
компоненті қарастырылады. Қанағаттанушылық жаһандық баға ретінде анықталады 
«жақсы өмір» субъективті стандарттар призмасы арқылы дербес құрастырылады немесе 
әлеуметтік ортадан дайын түрде сіңіріледі [4, 80б.].
Студенттік кезең белсенді және қауырт, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
жастар үшін, бұл психофункционалды өзгерістер кезеңі. Сондықтан, осы жас кезеңіндегі 
тұлғаға сыртқы әлеуметтік жағдайлардың әсері ерекше айқын байқалады. Адамдардың 
осы санаты туралы айтқан кезде, біз әр түрлі сыртқы факторлардың әсерінен жеке 
тұлғаның сыни өзгеруінің өсу қаупінің жоғары дәрежесін айқын елестетуіміз керек. 
Әлеуметтік фактор ЕББҚ бар адамдардың сырқаттанушылығының регрессиясылық 
детерминантосы болып табылуы да әбден мүмкін. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
тұлғалар дені сау студенттерден ерекшеленетінін Г. Лэнсдаун «сыртқы түрі бойынша да, 
мінез-құлқы бойынша да айырмашылықтары болуы мүмкін» деп атап өткен. Сондықтан, 
мұндай студенттер білім алуда ғана емес, жалпы әлеуметтік өмір сүру барысында, 
қосымша назарды, позитивті қарым-қатынасты қажет етеді [5, 19 б.]. Ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар студенттердің эмоциялық денсаулығы мәселесін, оның эмоциялық 
көңіл-күйін зерттеу, тұлғаны жағымсыз эмоциялардан, қорқыныш, өшпенділік, 
зұлымдық, қызғаныш, сияқты кері психикалық жағдайлардан сақтап қалу деп санаймыз. 
Сонымен ЕББҚ бар тұлғаның эмоциялық денсаулығы, бұл адам өзінің іс әректі табысты 
жүзеге асыра алатын, қарапайым өмірлік күйзелістерді жеңе алатын, өнімді және жемісті 
жұмыс істейтін, сондай-ақ өз қоғамдастығының өміріне үлес қоса алатын әл-ауқат 
жағдайы. Осы шеңберде, біз ЕББҚ бар студенттердің эмоциялық денсаулығына әсер 
ететін жағдайларды, бірнеше топқа бөліп қарастырып көрдік: 
1.әлеуметтік нормаларға, ережелерге, заңдарға сәйкес өзін-өзі басқару қабілеті 
адамның өзінің әлеуметтік және мәдени рөлдерін дұрыс орындауы. 
2.өз-өзімен үйлесімді өмір сүре білуі, адамның шындыққа бағдарлануы. 
3.әсемдікке сезімталдық, әзіл сезімі, альтруизм, шығармашылыққа бейімділігі. 
Сонымен, біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің эмоциялық 
денсаулығын сақтап қалуды жүзеге асырудың келесі тәсілдерін қарастырдық:
-өзін-өзі реттеу және стрессті басқару дағдыларын дамыту; 
-коммуникативтік дағдыларын дамыту
- төзімділігін, сыни ойлауды, шексіз қарым-қатынас дағдыларын, диалог 
мәдениетін дамытуға бағытталған дамыту бағдарламаларына, тренингтерге қатысу; 
-шындықты қабылдау және өзін түсіну және қабылдау және ерік-жігер мен 
белсенділікті арттыру;
Яғни, «Эмоциялық денсаулықты қалыптастыру, сақтау, нығайту үшін қандай 
жағдай жасау керек?» деген сауалдың жауабын білген тұлға фрустрацияларға, 
мазасыздануларға, стресстерге, әр түрлі суицидтерге, тұлғаішілік келіспеушіліктерге 
тәуелді болмауы ықтимал. 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling