Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек: 1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 2. Жан-жақты ақпараттандыру; 3. Коммуникативті бейімдеу; 4. Дарынды оқушының шығармашылық дарындылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ: 1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру; 2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау; 3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; 4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру 5, б.73 . Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек: 1. Пән сабақтарында шығармашылық дарындылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге; 2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға; 3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық дарындылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге; 4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға. Ал, енді бұл мақсаттар мен міндеттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: 1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу; 2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану; 3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау; 4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары; 5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Қорыта айтқанда, оқушы бойында қабілет пен дарындылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling