Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet49/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Ключевые слова: эмоциональное здоровье, особые образовательные 
потребности, психологическая поддержка студентов. 
 
In modern social conditions of high rates of life, the problem of providing emotional 
health of the student with special educational needs acquired special relevance. This article 
discusses the issues of emotional health of students with special educational needs, as an 
indicator of the dynamic balance of the individual in the environment.
Key words:emotional health, special educational needs, psychological support of 
students. 
Тұлғаның қалыптасуы, оның шығармашылық әлеуетін дамыту, адамның өзін-өзі 


46
Materials of the international scientific-practical conference 
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
жүзеге асыруы көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде оның эмоциялық 
жағдайы мен көңіл-күйі елеулі орын алады. Эмоциялық денсаулықты сақтау проблемасы 
барлық уақытта, кез келген жас кезеңіндегі адамдар үшін өзекті болғанмен де, 
эмоциялық саласы неғұрлым сезімтал, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар 
үшін, айтарлықтай маңызға ие. Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар студенттің 
эмоциялық жағдайы мен психологиялық қолдауын қамтамасыз ету мәселесі қазіргі 
заманғы әлеуметтік қатынастар мен жоғары өмір сүру қарқыны жағдайында әсіресе 
өзекті. ЕББҚ бар студенттердің эмоциялық денсаулығын сақтау және қалпына келтіру 
проблемасы, әлеуметтік-қоғамдық жағдайларының өзгеруіне бейімдеу талабымен 
байланысты. Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда мүгедектігі бар студенттердің 
эмоция мәселесі, қазіргі таңда мынадай сұрақтарға әлі де жауап іздеуде: Жоғары оқу 
орнына келген ЕББҚ бар студент тұлғасын қандай эмоциялар қозғайды, білім беру үрдісі 
қалай әсер етеді және ол не сезінеді? Мұндай эмоциялар мен сезімдер 
айырмашылықтары жайлы оқытушыларда ақпарат болған жағдайда, олар білім 
алушыларға қолдау көрсетіп көмектесе алар еді. Бұл мәселе, мүмкіндігі шектеулі 
студенттер үшін де ерекше маңызды. Біздің ойымызша, олардың денсаулығының 
нашарлаған жағдайы елеулі әлеуметтік салдарға әкеп соқтырды: кәсіби білім алу
жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектеп қоғам мен мемлекеттің экономикалық және 
әлеуметтік жоғалуын едәуір арттырады. 
Тұлғаның эмоциялық денсаулығын зерттеу барысында, ғылыми еңбектерде 
тікелей осы мәселелерге қатысты зерттеулер өте аз екендігіне және бұл мәселе көбінесе 
тұлғаның эмоциялық дамуы контекстінде талқыланатынына көзіміз жетті.
Эмоциялар, әдетте, адам субъективтілігінің көрінісі болып табылады. Субъектінің 
қызметін анықтайтын жағдайлар оның эмоциялық қарым-қатынасына енсе ғана, ішкі 
психологиялық тұрғыдан әсер ететіні дәлелденген. Адам өміріндегі эмоциялардың рөлі 
оның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы процесінде атқаратын функцияларға 
негізделген. Жалпы эмоциялардың функциясы-іс-әрекеттің ішкі реттелуі. Оның жеке 
белгілері ретінде дәстүрлі түрде бағалау, ынталандыру, белсендіру, синтездеу, 
экспрессия және мағыналық қалыптастыру қызметтері туындайды. Эмоциялар адамның 
қажеттіліктерін қанағаттандыру және мақсаттарға жету үшін заттар мен жағдайлардың 
мәнін тікелей бағалайды және көрсетеді. Сонымен қатар, эмоциялар қандай да бір 
заттардың, құбылыстар мен қажеттіліктердің, жеке адамның мүдделері мен 
ұмтылыстарының арақатынасын көрсетеді. Болып жатқан жағдайды бағалау 
функциясынан әрекетке итермелеу функциясы туындайды. Бағалау белгісіне (оң немесе 
теріс) байланысты іс-әрекет талап етілетіндерді игеруге, не сәтсіз әрекетті тоқтатуға, не 
басқасын таңдауға бағытталуы мүмкін. Жүйке орталықтарының және жалпы ағзаның 
белсенділігі эмоция функциясы ретінде орталық жүйке жүйесінің және оның жекелеген 
құрылымдарының қызметінің соңғы оңтайлы деңгейін, атап айтқанда, адамның тонусы 
мен сергектігін реттеу блогын қамтамасыз етуде көрінеді. Қуаныш сезімдері, қызмет 
жетістігіне сенімділік адамға қосымша күш береді, қарқынды және қауырт жұмысқа 
итермелейді. Жалпы алғанда, эмоциялық күй субъектінің дәл сол уақыттағы сезімдеріне, 
мазасыздануы мен толқуларына байланысты айқындалады. Адамның ішкі дүниесінің 
сипаттамасы ретінде, психологияда эмоциялардың мәні «субъектіде әрекет ететін 
құбылыстар мен жағдайлардың маңыздылығын тікелей сезімдік уайымдар түрінде 
көрсететін қажеттіліктер мен себептерге байланысты психикалық процестер мен 
жағдайлардың ерекше класы» деп түсініледі [1, 107б.]. Отандық және шетелдік 
ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері бойынша мүгедектігі бар студенттердің үштен 
бірі өз өміріне қанағаттанбаған [2, 75б.]. Бұл жағдайда, денсаулық өмірмен 
қанағаттанудың құраушы факторы ретінде. Көптеген ғылыми нәтижелер, сондай-ақ, 
«бақыт» пен «өмірге субъективті қанағаттанушылық», сияқты көрсеткіштерді 
эмоциялық денсаулықтың бір бірімен байланысты өзара тығыз белгісі деп пайымайды. 


47 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling