Әлеуметтік-мәдени қызметтер. Балаларда эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу,
музыка мәдениетінің элементтерін қалыптастыру, танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін
түзету, эмоционалды ерік саласын түзету, ұжымда әрекет ету дағдыларын дамыту, өзіне
деген сенімділігін арттыру, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту, би элементтерімен
таныстыру, кеңістікте бағдарлануды қалыптастыру сияқты түзету жұмыстарына
бағытталған.
Әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер арнаулы
әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес, отбасыларға әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек құқықтарымен байланысты
мәселелер жөнiнде заңгерлiк консультация беруге бағытталған.
Емдік дене жаттығулары балаға неврапотолог дәрігердің тағайындауымен
жүргізіледі. Емдік дене шынықтыруда әр балаға психофизиологиялық жағдайын ескере
отырып, қозғалу динамикасын, аяқ, қол қозғалысының жұмысын жақсарту, бұлшық
еттерді нығайту, босату бойынша дене жаттығулар кешенi жасалады.
Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру барысында
шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін
тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек. Егер әлеуметтік педагогикалық
үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол
өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген
әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді
қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана арнаулы мекемелердегі әлеуметтік
педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Әлеуметтік бейімдеудегі,
тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету
жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік
бейімделу де нәтижелі болады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе
105
Do'stlaringiz bilan baham: |