Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 т.б. жаңа жағдайлар туғызады [2]. Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларда бейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету [3]. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда [4]. Оған психологиялық- педагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары, психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері және т.с.с. жатады. Оңалту мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру психологиялық-педагогикалық қолдауды, ерекше шығармашылық ортаны құруды және балаларға таңдау жағдайын беруді қарастырады. Бұндай жағдайлар баладан тек білім, білікті қолдануды ғана емес, сондай-ақ рефлексиялау тәжірибесін, өздігінен шешім қабылдау, ерік пен мінездің көрінісін талап етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыны психологиялық- педагогикалық қолдау психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация қорытындысы мен ұсыныстарының негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымындағы штаттық мамандармен (арнайы педагог, психолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, ЕДШ маманы және басқа) немесе білім беру ұйымынан тыс келісім-шарт негізінде оңалту орталығы, түзеу кабинеті мамандарымен, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету (қолдау) бағдарламасын іске асыратын орталық фигура мұғалім болып табылады. Педагогтің балаға, оның оқу әрекетінің нәтижесіне қарым-қатынасының, педагогтің оқыту процесін жекелендіру білігінің, мамандардың (психологтың, логопедтің, дефектологтың) ұсынымдарын ұстана алатындығының, баланың өзіне сенімін қалыптастыратындығының маңызы зор. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыны сөзсіз қабылдау, өзгерістерге, кәсіби ізденіске ұмтылу, мамандардың командасында жұмыс істеуге дайын болу, педагогикалық оптимизм мұғалімнің қажетті кәсіби қасиеттері болып табылады [5]. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды білім беру арқылы интеграциялаудың стратегиялық мақсаттарына әлеуметтік серіктестік үрдісі және жалпыға білім беру педагогтары мен медициналық, психологиялық және дефектологиялық бағыттардағы мамандардың үнемі өзара байланыстары арқылы қол жеткізуге болады. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. Қазіргі кезеңінде білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling