Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 институттармен, меншік нысанына және ұйымдастыру-құқықтық нысанға байланыссыз заңды тұлғалар мен, заңды тұлғалардың филиалдарымен, сондай-ақ, заңды тұлғаны құрмай әрекет ететін жеке кәсіпкерлермен, аумақтық адвокаттар алқаларының және Республикалық адвокаттар алқасының жанындағы біліктілікті арттыру орталық тармен, бір немесе бірнеше біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыра тын адвокаттармен, аумақтық адвокаттар алқасында немесе Республикалық адвокаттар алқасында аккредиттелген біліктілікті арттыратын өзге де ұйым дарда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнама сының талапта рына сәйкес адвокаттардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру барысында жазбаша шарт жасалады [5]. Адвокаттардың біліктілігін арттыру адвокат өзі таңдап алған біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаның мәніне байланысты, қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді есепке ала отырып адвокат тардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген нысанда жүзеге асырылады. Адвокаттардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы тиісті біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес белгіленеді. Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық істерді қарау кезінде көмек көрсетіп, мүдделерін білдіре отырып адвокаттар істі оңға дәл сәкестікпен дұрыс шешуге жәрдемдеседі. Азаматтық процесте қатысушылардың азамат тық заңнама нормаларын білмегендіктен өз құқықтарын жүзеге асыру жолдары туралы қате пікірде болатын оқиғалар да кездеседі. Мұның арты уақыттың жоғалуына, денсаулықтың төмендеуіне және сот дауын шешу үшін артық қаражаттың жұмсалуына әкеліп соғады. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама шегінде басқа әдістермен шешілуі мүмкін. Осы жағдайда адвокаттың білікті көмегі тұлғаға өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өте тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Кез келген қол сұғушылық пен тәртіп бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан, азаматтардың құқықтары қорғау жөніндегі өз міндетін адвокаттар заңда көзделген барлық құралдармен және әдістермен жүзеге асырылады. Бұл заңгерлік мәселелер бойынша консультация беру азаматтардың және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың тапсыр масы бойынша сотта өкілдік ету, талапкердің, жауапкерлердің және өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сот талқылауына қатысу, сондай-ақ өзге де заң көмегін көрсету (оның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжат тарын даярлау, келісім шарт жасау және т.б.). Азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттеріне ие болу қабілеттігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін тең дәрежеде танылады. Алайда процеске қатысу үшін жеке тұлғаларға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігінің болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оларды азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттігі, яғни он сегіз жасқа толған, сотта құқықтарын өз іс-әрекетте рімен жүзеге және міндеттерін орындауға, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі болуға тиіс [6]. Сотта азаматтық істі қарау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін білдіру – адвокаттық қызметтің маңызды жақтарының бірі. Өзіне өтінген тұлғаға азаматтық процесте олардың мүддесіне өкілдік ету жолымен білікті заң көмегін адвокаттың көрсету мүмкіндігі бір қатар шарттарға байланысты. Бұл шарттар адвокаттың сотта іс жүргізуді өзіне қабылдауна немесе одан бас тартуына ықпал етеді. Азаматтың сотта өз құқығын жеке қорғауын және өз ісін жүргізуде кәсіби өкілге – адвокатқа тапсыру құқығының айырмашылығын ажырата білу керек. Егер мүдделі тұлға заңда белгіленген барлық жағдайда өзінің заңды құқықтары қорғау үшін сотқа жүгінуге құқықты болса, онда осындай тұлғалардың адвокатқа азаматтық сот ісінде өзінің өкілі болу туралы өтініші тек белгілі бір шарттарда ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Әрбір сезікті тағылған айыптың ауырлығына қарамастан қорғану құқығы |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling