Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet150/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Key words: advocacy, advocacy, civil litigation, competition of parties, individuals and 
legal entities, legal advice, assistant advocates, attorney-representative, contentious legal 
relationship, constitutional law, human right 
Адам мен азаматтың құқығына кепiлдiк беретiн Негiзгi заңның конституциялық 
ережелерiнiң арасында маңызды конституциялық принцип ретiнде қолданылатын бiлiктi 
заң көмегiн алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбiр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға 
құқығының бар екендiгi тiкелей көрсетiлген [1].
Азаматтық іс жүргізуде өкілдік институтын нығайтып, жетілдірген адвокаттық 
қызмет және адвокатура туралы Заңның қабылдануы мен азаматтық сот ісін жүргізуде 
өкіл-адвокат қызметінің конституциялық және процессуалды негіздерін, тараптардың 
жарыспалылығы мен тең құқықтығы сынды конституциялық және процессуалды 
бастауларды, азаматтық-процестік қызметтің бұл субъектісінің өкілеттіліктері шеңберін, 
адвокатты ерекше кәсіби өкіл ететін факторларды басшылыққа ала отырып сенім 
білдірушіге білікті заң көмегін көрсетудегі адвокат-өкілдің ролін анықтау қажеттілігі 
туындады.
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті 
құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі 
ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. 
Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды 
мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір 
өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы 
адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың 
құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. 
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін 
күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік 
маңыз береді. 
Қазiргi уақытта Қазақстанда адам және азаматтың құқығын қорғау жөнiндегi 
мiндеттердi атқаратын әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар, мекемелер 
мен қоғамдық ұйымдардың бар екендiгiн атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура
iшкi iстер, әдiлет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау мiндеттерiн бiр-бiрiмен 
тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда осы мiндеттердi табысты жүзеге асыру 
адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкiн емес. Қазақстандық 
заңнамада адвокатура ешбiр жерде құқық қорғау органы ретiнде көрсетiлмесе де, ол iс 
жүзiнде құқық қорғау қызметi мiндетi атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметi ретiнде 
бiз азаматтар мен ұйымдардың құқығы қорғауды мақсат ететiн және заңға сәйкес заңдық 
әсер ету шараларын қолдау жолымен арнайы мемлекеттiк органдар жүргiзетiн және олар 


142
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling